Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Тарбағатай аудандық мұражайы тағы да бір тарихи құнды жәдігермен толықты

    Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні Тарбағатай аудандық мұражайы тағы да бір тарихи құнды жәдігермен толықты. Тарбағатай өңірінен шыққан көрнекті тарихи тұлға Тана мырза Тілемісұлының үстіне киген шапанын бабамыздың ұрпақтары мұражайға табыс етті.

    Бұған дейін Омбы қаласының мемлекеттік архивінде сақталған Тана мырза Тілемісұлы туралы жазба деректер аудандық мұражайдың ғылыми қорын толықтырар еді.

     Тана мырза Тілемісұлының киген шапанын табыстауға Қазақ Қаржы-экономикалық академиясының президенті, эконмика ғылымдарының докторы, профессор Нәдірбек Әпсаламұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарбек Қарпықұлы, ардагер спортшы Хамит Ысқақов және Тана мырза  Тілемісұлының тікелей ұрпақтары Тұрдыхан Шериазданқызы мен Кәлімжан Қойгелдінов келді.

     Іс-шара барысында  аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев аудан әкімінің құттықтауын жеткізді.