Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Бастау Бизнес» жобасы бойынша хабарландыру

    Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан  тұрғындарын жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын, 2018 жылдан бастап қалада, оның ішінде моно және шағын қалада тұратын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, NEET санатындағы жастар, жас отбасылардың, табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.

    Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен, қала әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.

    Оқу ұзақтығы – 1 ай. Бірінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы                        5-7 қазан аралығында өтеді.   Оқу 2019 жылғы  08 қазаннан – 31 қазан аралығында жүргізіледі.

    Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.

    Сұрақтар туындаған жағдайда 8/72346/-224-00, 87777092404 байланыс телефондарына хабарласып немесе Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы Абылайхан көшесі, мекен жайында орналасқан Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына  хабарласуға болады. 

     

    Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Тарбағатай аудандық филиалының
    координаторы Ануарбеков О. А.