Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Өрт профилактикасы

    2019-2020 жылдардағы жылу беру  кезеңіне даярлығына байланысты,  2019 жылдың 15 қыркүйегінен 15 қазан аралығында Тарбагатай  ауданында өрт қауіпсіздігі айлығы өтеді. Өрт қауіпсіздігі айлығының мақсаты тұрғын секторда өрт профилактикасын өткізу болып табылады.

    Өткен аптада Тарбагатай ауданының ТЖБ қызметкерлерімен және өрт сөндіру бөлімшелерімен Аксуат,Акжар,Тугыл Кабанбай  көшелеріндегі екі қабатты тұрғын үйлерде (барлық жылыту пештері бар пәтерлерде) өрт профилактикасы жүргізілді. Пәтер иелеріне электр және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, пеш қондырғыларын орнату мен пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

    Тұрғын үй секторында халықпен, қоқысты жағу кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша жиындар өткізілді.

    Аксуат ауылы  К.Нурбаев атындағы № 2 және Гагарин Ю.А. атындағы  орта мектептерінде, 6-7 сынып оқушыларымен, балалар ойынынан болатын өрттерді алдын алуға бағытталған видеороликтер көрсете отырып «Баллардың отпен ойнауы» тақырыбында интерактивты сабақтар өткізілді. Және де осы мектептердің 2-3 сынып оқушыларымен өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері туралы конкурстар өткізілді. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға жүлделер таратылды.