Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • 2019 жылдың 19 шілдесінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 мамырда № 11148 болып тіркелген Ішкі сауда ережелеріне өзгерістер енгізілді

    20-тармаққа енгізілген түзетулерге сәйкес:

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды қоспағанда, тауарлардың бағаларын ішкі сауда субъектілері дербес айқындайды.

    ·                   Ішкі бөлшек сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына өндірушінің немесе көтерме сауда өнім берушісінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын мөлшерде сауда үстемесін белгілейді.

    ·                   Ішкі бөлшек сауда субъектілері бірнеше өндірушіден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары болған жағдайда, құны неғұрлым төмен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына өндірушінің немесе көтерме сауда өнім берушісінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын мөлшерде сауда үстемесін белгілейді.

    ·                   Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу шарттарын жасасу кезінде шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленеді.

    ·                   "Бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 717 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12484 болып тіркелген) сәйкес бекітілген нормалар шегінде сауда үстемесі әлеуметтік маңызы бар тауарларды тасымалдаумен және (немесе) сақтаумен және (немесе) импорттаумен, сондай-ақ азық-түлік тауарларының табиғи кемуімен байланысты шығындар мөлшеріне ұлғайтылуы мүмкін.

    ·                   Сауда үстемесіне өнім берушіден азық-түлік тауарларының белгілі бір санын сатып алуға байланысты ішкі сауда субъектісіне төленетін сыйақыларды төлеуге байланысты шығыстар енгізілмейді.

    ·                   Ішкі сауда субъектісі (дайындаушы) тауарды сатады, ал тұтынушы сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған баға жапсырмасымен ресімделген көрсетілген құнға сәйкес тауарды сатып ала алады.

    ·                   Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектісі (дайындаушы, орындаушы) фото -, бейне түсірілімдерді қолдануға қатысты тұтынушылардың мүмкіндігін шектемейді.

    Сонымен қатар  «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі  N 544 Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 7-тармағының сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен азық-түлік тауарларын беруші арасында азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде азық-түлік тауарының бағасына ішкі сауда субъектісінің өнім берушіден белгілі бір азық-түлік тауарларының санын сатып алуына байланысты оған төленетін сыйақыны енгізу көзделуі мүмкін. Көрсетілген сыйақының мөлшері осы шарт тараптарының келісіп алуына жатады және сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасының бес пайызынан аспайды. Сыйақының көрсетілген жиынтық мөлшерін есептеу кезінде қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды. Ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін сатып алуына байланысты осы тармақта көрсетілген сыйақыны төлеуге жол берілмейді.