Біздің сайтқа қош келдіңіздер!
Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...
- Жаңалықтар
-
Мәрт отбасының жомарт ісі
Ойшілік ауылының тумалары Құрманғалиев Уали ағамыз бен Мұқатова Күләш анамыздың демеушілігі аясында Тоғас батыр атындағы орта мектебінде жаңа заманға лайық жабдықталған 2 технология кабинеті және компьютермен жабдықталған қазақ тілінен лингофон кабинеті ашылды.
Іс-шарада аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы құттықтау алғыс тілегін жеткізе келе сөз барысында:
– Бұл шара ауданымыздың білім саласының дамуына зор үлесін қоса отырып, жас бүлдіршіндеріміздің білім жолындағы ізденістеріне зор мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз ықпалдарын тигізіп отырған Уәли ағамыз бен Күләш анамызға аудан жұртшылығының атынан зор алғысын білдірді.