Біздің сайтқа қош келдіңіздер!
Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...
- Жаңалықтар
-
Профилактикалық аралау жүргізілді
Жылыту кезеңінің басталуына байланысты Тұғыл ауылы аумағында ШҚО ТЖД «ӨСЖ және АҚЖҚ» ММ №52 өрт сөндірушілері мен Аудандық ТЖ қызметінің қызметкерлері тұрғын үй секторында профилактикалық аралау жүргізіледі. Статистика бойынша, алғашқы суықтардың келуінен бастап өрт саны ұлғаюда. Бұған бірден бірнеше факторлар әкеледі: электр құралдарына түсетін жүктеме, пештерді қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ бөлмелерде темекі шегу. Құтқарушылардың міндеті-азаматтарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, өрт кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін еске салу және халық арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша саналы білімдерін арттыру. Басты назар ескі жағдайдағы, пешпен жылытылатын, сондай-ақ қарт жастағы жалғыз адам мен көп балалы отбасыларының тұратын үй тұрғындарына нұсқау берілді. Үйде кездесетін негізгі бұзушылықтар-электр жабдықтарын монтаждау ережелерін бұзу, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Халықпен әңгімелесу кезінде ТЖ қызметінің қызметкерлері тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін жеткізеді,улы газдың қауіптілігі туралы ескертеді.