Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Жыр жүйріктері жүлдемен оралды

    Өскеменде қарашаның жиырма екінші жұлдызында Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстандағы бөлімшесі ұйымдастырған Жастар жылына арналған «Алтайым - алтын бесігім» атты облыстық ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасы өтті.

    Шығыс өңірінде сөз сарасы ақындық өнерді дамыту және жазба ақындар үшін таланттың биік өлшемін таразылайтын жыр мүшәйрасында Тарбағатайдың екі бірдей талантты жастары айтыс ақыны Дәурен Сембаев сөз додасына қатысқан  он екі ақынның ішінен суырылып шығып 1 орын алса, жазба ақындар жарысынан Роллан Кеңесханов жүлделі 3 орынды еншіледі.

    «Жастар жылына»,- деп аталған жыр сайысында шығармашылық қуат пен жыр құдіретін таныта білген қос жүйрігіміз ауданымыздың туын көтеріп қана қоймай, жастардың қоғамдағы орны, болашағы жайлы өткір жырларымен ой толғап, өз өрелерін танытты.  Біз сәтті сапар тілеп, үкілеп жіберген қос талантқа жүлде құтты болып, таланттарың таси берсін деген тілектеміз.