Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Аудандық Оралхан Бөкей көркемсөз оқу шеберлерінің оқулары өтті

    Аудандық орталық кітапханада «Шығыстың  шыңға  біткен  шынары» атты Оралхан Бөкей –көркем сөз оқу шебері байқауы өтті. Байқауға  ауылдық округтерден 11 үміткер қатысты. Талаптарға сай қатысушылар поэзиялық және прозалық шығармалардан үзінді оқу тапсырмасын орындау міндеттелді. Байқау нәтижесінде І-орынды   Ақсуат  ауылының К.Нұрбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Мәлікова Айғаным иеленсе, екі екінші орынды Дулатұлы Ақжол /Ақсуат/, Төлеутаев Дастан /Сәтбаев/, үш үшінші орынды Бағылаев Санжар /Тұғыл/, Дүйсен Жанерке/Қызыл-кесік/, Дуфанова Рахима/Көкжыра/ иеленді. Қалған қатысушылар  ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.