Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Ақниет» әжелер ансамблі Самарда өнер көрсетті

    Тарбағатай мен Көкпекті аудандарының өнерпаздарының шығармашылық байланысы күннен күнге нығайып келеді.  Соның тағы бір көрінісі 26 қараша күні «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында  Көкпекті ауданының Самар ауылындағы «Асыл қазына» әжелер ансамблінің шығармашылығына 10 жыл толу құрметіне арналған концертке  Тарбағатай ауданы Сәтбаев ауылының «Ақниет» әжелер ансамблі қонақкәде жасап қатысып қайтты. «Асыл қазына» ансамблінің концертінде әжелеріміз ұлттық салт дәстүрдің  тамаша үлгілерімен қоса қазіргі күні қалып бара жатқан киіз басу, жіп иіруді  көрсетті. Ұлттық тәрбиені, қазақы салтымызды насихаттап, жас ұрпаққа өнеге болып жүрген әжелерге Көкпекті ауданы әкімінің алғысы мен сый-сияпатын орынбасары М.Теміржанов жеткізіп, Самар ауылының әкімі А.Күдербаев арнайы құттықтаулар жасап, үлкендердің мерейін өсірді.