Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • Мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтаңыздар!

    Әрбір адам қыс кезінде төтенше жағдайларға тап болуы мүмкін.Қысқы қатал табиғат адамға аяушылық жасамайды.Сондықтан қыс уақытында әрбір азамат далада,мұзда қалу жағдайында өзін құтқаруға дайын болуы тиіс.Өзін-өзі құтқару ережелерін, мұз үстінде аман қалу жолдарын, құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білулері қажет.Мұз өткелдері мен өту жолдары, қауіпті орындарда қауіпсіздік белгілері мен сілтегіштерге ден қоюлары қажет. Мұзды аймақтағы төтенше жағдайларға: мұз опырылып астына түсіп кету, далада қалып қою,автокөлік апатқа ұшырағанда тағы басқа жағдайлар жатады.

    Тұщы судың қату кезіндегі жүк көтерім кестесі.

    1.Қол жүгі бар жаяу жүргінші - меншікті массасы 0,1 т. мұздың есептік қалыңдығы 7 см.

    2.Салт атты- меншікті массасы 0,5 т. мұздың есептік қалыңдығы 11-9 см.

    3.Ат шанамен- меншікті массасы 0,8 т. мұздың есептік қалыңдығы 14-12 см.

    4.Жеңіл автокөлі- меншікті массасы 1.0 т. мұздың есептік қалыңдығы 15- 13см.

    5.УАЗ,джип,Газель- меншікті массасы 2.7 т. мұздың есептік қалыңдығы 25-22 см.

    6.Жүгімен Газ-53,66- меншікті массасы 3.5 т. мұздың есептік қалыңдығы 28- 24 см.

    7.Доңғалақты трактор- меншікті массасы 3.4т. мұздың есептік қалыңдығы 27-24 см.

    Мұз үстінде мал суаратын ,мұз дайындайтын телімдер таяз жерлерден бөлініп, өткелден қашықта болуы және қоршалуы қажет.