Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Жаңалықтар
  • «Мен жырлаймын...» атты әдеби- сазды кеші

    7 ақпан күні аудандық мәдениет үйінде қазақ поэзиясындағы ұлы есім,  ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мен жырлаймын...» атты әдеби-сазды кеш өтті.

    Жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше жарқырап тұрған ақынның «О, поэзия» өлеңін жас өнерпаз Е.Аханов бейнесін сомдап оқыса, өлеңі мәтіндеріне арқау болған бірнеше әндерін әншілеріміз нақышына келтіре шырқады. Б.Мұқышев, Г.Әуелхан, Ж.Башық сынды ақиық ақынның ізін жалғастырушы танымал ақындарымызбен бірге, Тарбағатай поэзиясы жаңа есімдермен Қытай Халық Республикасынан келген бір топ ақындармен толықты. Ақындар Желкен Қабип, Болатхан Ошанбай, Еркін Құмар Мұқағалиға өздерінің жыр шашуларын арнады.