Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Ішкі саясат
  • Аудандық бұқаралық ақпарат құралдары

    kn2 Ауданда бұқаралық ақпарат құралдарынан аптасына екі рет шығатын аудандық «Тарбағатай» газеті бар.
    Аудандық «Тарбағатай» газетінің редакциясы – өзінің көрсетіп отырған қызметімен қаржыландырылып отырған шығармашылық ұжым, мекеме. Ол келісім шарт негізінде әр аптаныңдүйсенбі, бейсенбі күндері Семей қаласында орналасқан «ЖШС «Спектр» газетінің орталығында басылады. Газет аудан тұрғындарына мерзіміндетаратылып келеді.

    kn2 Аудандық «Тарбағатай» газетінің материалдық-техникалық базасы өз дәрежесінде. Оның жеке меншігінде екі қабатты ғимарат, дүние-мүлік, 7 компьютер, диктафон, фотоаппарат және ВАЗ 21703 «РRIORA» маркалы қызметтік автокөлігі бар. Интернет жүйесімен тұрақты байланыс орнатылған. Редакция ұжымында тәжірибесі бар 6 журналист еңбек етуде. Редактор Ерғали Жұмахан, жауапты хатшы Бауыржан Аманқұлов, тілшілер Хамза Сәтиев, Аят Ербаев, Бибигүл Баймұратова, Шәкен Көпшікбаева. Аудан тұрғындары 2011 жылдың 2-ші жартыжылдығына 4500 дана аудандық «Тарбағатай» газетіне жазылды.

    kn2 Аудан тұрғындары арасында мемлекеттік саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау аудан әкімшілігі мен аудандық «Тарбағатай» газеті арасында өзара жасасқан келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.

    Осы мәселеге байланысты мемлекеттік тапсырыс 2011 жылы 7 млн теңгені құрады. 2012 жылға шамамен 10 млн 700 мың теңге бөлу жоспарланып отыр.

     

    Парақтар өзгертілді: 22-10-2014