Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Ауданның қоғамдық саяси өмірі
  • Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылы атқарған жұмысы туралы хабарлама

    І.АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ 

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 30 қараша 2015 жылғы «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» - атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мемлекетіміздің алдағы кезеңдегі дамуының басты бағыт-бағдарын анықтайтын саяси маңызы зор құжат ретінде жүйелі түрде насихаттау аудандық ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеті болып табылады. 
    2015 жылдың 11 желтоқсан күні Елбасы Жолдауына байланысты аудан активінің жиналысы өткізіліп, онда Жолдауды жүзеге асырудың іс–шаралары және ақпараттық қолдаудың медиа–жоспарлары бекітілді.
    Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттарды тұрғындар арасында түсіндіріп, насихаттау мақсатында 32 адамнан тұратын 2 аудандық, 120 адамы бар 62 ауылдық ақпараттық–насихат топтары құрылған. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, қоғамдық пікір иелері, белсенді жастар тартылған.
    Жолдау жарияланғаннан бері ақпараттық – насихат топтарының мүшелері аудан тұрғындары арасында түрлі формадағы 157 кездесулер, «дөңгелек үстелдер» мен семинар–кеңестер өткізіп, оған 15786 адам қамтылған.
    Аудан бойынша Елбасының биылғы жылғы Жолдауына байланысты әр түрлі тақырыпта 132 көрнекі үгіт құралдары (баннерлер) орнатылған.
    Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарына сәйкес, аудандық «Тарбағатай» газетіне жергілікті бюджеттен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 7 725 000 теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 6 944 800 теңге толығымен игеріліп отыр. Жолдауға байланысты тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер жарияланып келеді. Сондай-ақ, экономика, ауыл шаруашылығы, білім, медицина, кәсіпкерлік, қорғаныс қауіпсіздігі, арнайы беттер ұйымдастырылып отырылады. 
    «Қазақстан» Ұлтық арнасынан 11 арнайы сюжет берілсе, «Қазақстан-Өскемен» облыстық телеарнасына жергілікті бюджеттен 1 300 000 тг. қаржы бөлініп, «Наурыз», «Отан қорғаушылар», «Ұлы Жеңіс» мерекелеріне және «Жұмыспен қамту-2020», «Ақбұлақ» бағдарламалары, ауылшаруашылық, құрылыс, білім салалары бойынша арнайы материалдар шығарылды.

    ІІ. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
     

    Ауданда бұқаралық ақпарат құралдарынан аудандық «Тарбағатай» газеті бар. Аудандық «Тарбағатай» газеті аптасына 2 рет шығады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін журналистермен тығыз байланыс орнатылған.
    Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттау «Тарбағатай» газеті арқылы жүзеге асырылып келеді. 
    Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарына сәйкес аудандық «Тарбағатай» газеті арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылуда. Жолдауға байланысты тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер жарияланып тұрады.
    Ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, спорт, кәсіпкерлік, құқық қорғау, халыққа қызмет көрсету, байланыс қызметі кәсіптік оқыту салаларына байланысты арнайы беттер ұйымдастырылды.
    2016 жылы «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалы тарапынан, аудандық пошта байланыс торабына 9550 дана баспасөзге жазылу жөнінде тапсырма берілген. Бұл тапсырма аудан бойынша 9600 дана болып, тапсырма 100,5 пайызға орындалды.
    Республикалық және облыстық «Хабар», «Қазақстан», «Қазақстан-Өскемен» телеарналары арқылы «Наурыз», «Ұлы Жеңіс» мерекелеріне орай 14 рет арнайы хабарлар дайындалып, көрсетілді. Сондай-ақ, аудан өмірі мен маңызды оқиғалар тұрақты түрде ақпараттық жаңалықтарда беріліп отырылды.

    ІІІ.ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН, КӘСІПОДАҚТАРМЕН ЖҰМЫС


    Бүгінгі күні аудандағы қоғамдық ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени-саяси өміріне белсене араласып, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді. Ауданымызда заңды түрде тіркелген 12 ҮЕҰ жұмыс жасайды

     ҮЕҰ атауы  Қызмет бағыты Басшылары (т.ә.ж., лауазымы, қызмет түрі, байланыс телефондары)
    1. «Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігі Аудан табиғатын қорғау, адамдардың экологиялық сауаттылығын арттыру және мектеп оқушыларына жүйелі түрде экологиялық білім мен тәрбие беру. Құттыбаев Ержан Кәрібайұлы
    87010162000
    Жұмыс телефоны 2-10-25
    2 «Ер Дәулетбай» қоғамдық қоры Дәулетбай батырға ескерткіш орнату, жастарға патриоттық тәрбие беру Тыштыбаев Самат
    3 «Барқытбел жастары» жастар қоғамдық бірлестігі  Өскелең ұрпақты патриоттыққа, сауаттылыққа, білімділікке, өнерпаздылыққа, мәдениеттілікке, еңбек сүйгіштікке, заңға бағынушылыққа, руханият пен имандылыққа тәрбиелеу. Какишев Нұрқанат
    87758450907
    4 «Толағай жастары»  жастар қоғамдық бірлестігі  Өскелең ұрпақты патриоттыққа,
    сауаттылыққа, білімділікке, өнерпаздылыққа, мәдениеттілікке, еңбек сүйгіштікке, заңға бағынушылққа, руханият пен имандылыққа тәрбиелеу.
    Кемербеков Мейіржан
    87753945801
    5 «Демеуші» корпоративтік қоры Ауданда тұратын әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасыларға қайырылымдылық көмектер беру. Мәдени ошақтар, спорттық кешендер, демалыс лагерлеріне көмектесу. Ақшалова Гүлбану
    6 «Тарбағатай кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігі Аудандағы кәсіпкерлердің  мүддесін қорғау. Әлімжанова Манат Сергейқызы
    7 «Спорт ардагерлері» жеке қоры Аудандағы спорт ардагерлері туралы мағлұматтар жинақтау Оразғалиев Болат Орынтайұлы
    8 «Тарбағатай аудандық Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігі Аудандағы ауған соғысы ардагерлерінің мүддесін қорғау жастарға патриоттық тәрбие беру отансүйгіштікке тәрбиелеу Ибраев Серік Бекбосынұлы
    9 «Өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі Ауданның мәдени-рухани сферасын жоғарлату Көпшікбаева Шәкен Мәлікқызы
    87016088545
    87772691426
    10 «Байбол» өзін-өзі басқару қоғамдық қоры Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару мәселелерін дамыту Тлебалғанов Құмаш
    87757520302
    87776802137
    11 «Тарбағатай ауданының мүгедектер ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі Аудандағы мүмкінді шектеулі адамдардың мүддесін қорғау Секенов Өміртай Қалелұлы
    87028183455
    12 «Тарбағатай жарқын болашағы» қоғамдық бірлестігі Ауданда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, тұрғындардың белсенді және шығармашылық дамуына қажетті жағдайлар қалыптастыру Әділханов Эрнс Калиханович
    87782357863
    87775423103

    Аудан әкімдігі жанында үкіметтік ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кеңес құрылған. Кеңес өз жоспарына сай отырыстарын өткізіп, тиісті ұсыныстар жасап отырады.

    Қоғамдық негізде жұмыс жасайтын ұйымдар

    № р/с Атауы Басшының Т.Ә.Ж (лауазымы, байланыс телефондары) Тұрақты өткізілетін мекен-жайы
    (бар болса)
    1 Аудандық еңбек және соғыс ардагерлерінің кеңесі Сахариев Мұқан Ақсуат ауылы «Ардагерлер орталығы»
    87774242957
    2 Аудандық әйелдер кеңесі Мақанова Жұмаш Ақсуат ауылы «Ардагерлер орталығы»
    87755490282

    Кәсіподақтар

    Кәсіподақ бірлестіктерінің атауы Басшылары (т.ә.ж., лауазымы, қызмет түрі, байланыс телефондары) Кәсіподақ мүшелерінің саны
    Білім беру мекемелерінің кәсіподақ ұйымы Ахметқанов Серікқан тел: 2-12-82 865
    Мемлекеттік, банктік қоғамдық қызмет көрсету мекемелерінің кәсіподақ ұйымы Атықанов Ғабитқазы Жанахметович
    Тел: 2-18-19
    731
    КМҚК «Тарбағатай аудандық №1 медицина бірлестігінің кәсіподақ ұйымы» Коразғалиева Анар Аяғанқызы 200

    Аудандағы мектептерде балалар мен жасөспірімдердің «Болашақ» қауымдастығы құрылған. Ол «Балдырған», «Ұлан», «Жастар одағы» атты үш сатыдан тұрады. «Болашақ» қауымдастығына 9500 оқушы өз еркімен мүше болып кірген. Бұл қауымдастық жасөспірімдердің өз құқығын қорғай білу, білім дағдыларын жетілдіру, этика, тіл мәселелеріне байланысты тәрбиелік-танымдық іс-шаралар өткізіп келеді. 

    IV. САЯСИ ПАРТИЯЛАР 


    «Нұр Отан» партиясының ауданда өкілдігі ашылып, облыстық әділет басқармасына заңды түрде тіркелген. Қоғамдық ұйымның ауданда 14 бастауыш партия ұйымы бар. Партия мүшелерінің саны 3011 адам. Партия мүшелігінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар, зейнеткерлер бар.

    V.МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ 


    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы»  2015 жылғы 9 ақпандағы № 285 заңының негізгі бағыттары - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесін құрайды.
    Бүгінде аудан халқының құрамындағы 14-29 аралығындағы жастар саны 11 119 адамды құрайды. Оның ішінде: ерлер 5568 адам,  әйелдер 5551 адам. Жалпы ауылдағы студенттер мен оқушылар саны – 6929 адам. Оның ішінде: Жоғарғы оқу орнының студенттері – 1080, арнайы оқу орнының студенттері – 1089, 18-29 жас аралығындағы ауыл жастарының саны – 2021 жасты құрайды.
    Тарбағатай” колледжінде 2015-2016 жылдары аралығында 206 студент білім алуда. Оның ішінде 81 студент ауылшаруашылығы өндірісінің машинист-тракторист, тігінші шебері және аспаз  мамандықтары бойынша оқуларын бітіреді.
    Қаржы-экономика, аграрлық, педагогикалық, медициналық мамандықтары бойынша соңғы 2 жылда бітірген 422  және оқитын студенттердің көрсеткіші 2169 адамды құрайды
    Жастардың еңбек ресурстарының балансына тоқталсақ:

      1. Экономикалық белсенді жастардың жалпы саны - 5238
      2. Экономиканың әр саласындағы жастардың жұмыспен қамтылуы - 1235 адам
      3. Жас шамасына бөлгендегі жастардың жұмыссыздық деңгейі – 0,7  %.
      4. Жастардың табысы орта есеппен 21 228 мың теңгені құрайды.
      5. Жастардың қоғамдағы әлеуметтенуінің аспектісі – отбасылық неке қатынастарын құру жылына шамамен 166 отбасы құрылады.

    2016 жылы Тарбағатай ауданы бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 190 адам болса, оның ішінде 35 адам жастар.       Ауданда жастарды мемлекеттік қызметке тартуға мейлінше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта аудан бойынша бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда 195 мемлекеттік қызметкерлердің 33-і жастар.
    Жас мамандарды қолдау мақсатындағы «Дипломмен ауылға» мемлекетттік бағдарламасы бойынша ауданымызда 2015 жылы 25 адам білім саласы бойынша, 16 адам денсаулық саласы бойынша, 1 адам мәдениет саласы бойынша, әлеуметтік қамсыздандыру- 2 адам, агроөнеркәсіп -2 адам, жиыны 46 адамға жалпы сомасы 4 млн. 162 мың 200 тенгені құрайтын көтерме жәрдем ақы берілді. Жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты білім саласы бойынша -9 адамға, денсаулық саласы бойынша- 5адамға, агроөнеркәсіп -1 адам, жиыны 15 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бөлінген қаражат сомасы 41 млн. 926 мың тенгені құрайды.
    2015 жылы 3 ай және 6 ай мерзімінде жоғарғы оқу орнын бітіріп келген 35 жас маман  жастар іс- тәжірибесіне қабылданды. 2016  жылы  2 адам  жастар іс-тәжірибесінен өтуде. Резервте тұрғандар саны 5 адам.
    2007-2016 жылдар аралығында облыс әкімінің гранты бойынша жоғарғы оқу орындарына 40 оқушы жолдама алды. Оның ішінде 21 студент бітіріп, 19 студент оқуын жалғастыруда.
    2015 жылы жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті қолдау барысында жиыны 46 адамға несие беріліп, оның ішінде 5 жас кәсіпкер несие алды.

    VІ. САЯСИ ЖОСПАРЛАУ


    Жалпы 2016 жыл көлемінде өткізілген мемлекеттік мерекелер қатарында Ел Тәуелсіздігінің 25 жлдығы, ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойы, Семей сынақ аймағының біржола жабылғанына 25 жыл толуын, Чернобыл апатына 30 жыл толуын атап өттік.
    Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының бірлігі, Отан қорғаушылар күндері, Ұлы Жеңіс күні мерекелерін өткізуге байланысты арнайы жоспарлар жасалып, жоғарғы танымдық дәрежеде ұйымдастырылды.
    Жалпы аудан бойынша жыл басынан бергі мерзім ішінде 121  қоғамдық – саяси шара өткізіліп, оған 15389 адам қамтылды. бекітілген болатын.
    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту іс – шараларына байланысты Тарбағатай ауданында бүгінгі күнге дейін 45 шара өткізіліп, онда 25000 адам қамтылды. Оның 39 мәдени-көпшілік іс-шара, 4 ірі спорттық іс-шара, 2 ғылыми танымдық ісшаралар болып табылады.
    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауылдық округтерде парктер және Ақсуат, Ақжар ауылдарында әуенді су бұрқақ жиыны 16 құрылыс нысандары пайдалануға берілді.
    Мемлекеттің рухани мәдени дамуы жолында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту ретінде биылғы жылдың өзінде Ақсуат ауылында Қазақтың бас ақыны Ұлы Абай Құнанбаев пен Мұрын (Жүзәй) анамыздың және Ақжар ауылында Мақта анамыздың ескерткіштері, Қызыл кесік ауылына Би Боранбай бабамыздың ескерткіші қойылды. Еліміздегі белді ақындарының қатысуымен «Туған елге туыңды тік» атты Республикалық ақындар айтысы және республикамыздың әр өңірінен сондай-ақ, 6 мелкеттен қатысқан 100 күміс көмей жез таңдай әншілердің басын қосқан «Тарбағатай жұлдыздары» халықаралық эстрадалық ән фестивалі ұйымдастырылды.   «Ел анасы – Мұрын ана» тақырыбында ғылыми – танымдық конференция, Мүрсәлім Бектенұлына арналған ескерткіш тақта қойылып,«Тарихи тағылымы» атты ғылыми – танымдық конференция өткізілді.
    Сондай-ақ, ауданымызда әлемнің түпкір – түпкіріндегі 20 мемлекеттен келген атайтөсті палуандардың қатысуымен өткен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы  «Қазақ күресінен» IV халықаралық гранпри жастарымыздың жүрегінде ұлттық спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түскені анық.
    Аталған шаралардың барлығы «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Қазақстан – Өскемен» облыстық телеарналары арқылы және республикалық «Егемен Қазақстан» газеті, облыстық «Дидар» газеті және аудандық «Тарбағатай» газеті арқылы жарықтандырылды.

    VІІ. ДІНИ ЖАҒДАЙДЫ ҚАДАҒАЛАУ


    Қазіргі таңда дін саласындағы мемлекеттік саясат Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев белгілеген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың және діни үдерістерді алдын-ала болжап бақылаудың біріңғай жүйесін құру туралы стратегия шеңберінде одан әрі қалыптасуда.
    Ауданымызда ресми түрде 23 мешіт, 5 намазхана тіркелген. Ақсуат өңіріне қарасты 7 мешіт, Ақжар өңіріне қарасты 16 мешіт қызмет етеді. Барлық мешіт имамдары ҚМДБ діни басқармасына қарасты медреселерден  2- 4 айлық діни білім алған.
    Бүгінгі күні, аудан бойынша Ақжар ауылдық округіне қарасты Жаңалық аулында  «Нұрахмет» мешітінде, Қабанбай ауылдық округіндегі «Тәуке» мешітінде, Маңырақ ауылдық округіндегі «Бозша» мешітінде, Жетіарал ауылдық округіндегі «Асусай» мешітінде, Жаңаауыл ауылдық округі Жаңаталап ауылындағы «Қабдеш» мешіттерінде діни қызмет атқаратын тұрақты имам жоқ. Арнайы жүргізілген жұмыс нәтижесінде Тұғыл ауылдық округіне қарасты Байтоғас ауылындағы «Көштай» мешітіне Қайдарханов Қуат есімді азамат ҚМДБ бұйрығымен тұрақты имам қызметіне кірді. Қазіргі таңда ауданымыздан Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінде білім алған 1 студент оқуын бітіріп келіп, Ақсуат ауылындағы «Ұранхай қажы» мешітіне наиб имам қызметіне орналасты.
    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың келісімі негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 03-10.16 –шы хатына сәйкес, ауыл имамдарын тұрақты жалақымен қамтамасыз ету мүмкіншілігін қарастыру тапсырылған.
    Осыған орай барлық ауылдық округтерге  осы мәселені шешу жөнінде бірнеше хат жолданған болатын, нәтижесінде  қазіргі таңда Тарбағатай ауданы бойынша 7 мешіт имамдарына (Ойшілік , Құмкөл, Қарасу, Құйған, Кіндікті, Жаңа ауыл, Жетіарал ауылдық округтеріне қарасты мешіт имамдарына) жалақы төлеу мәселесі шешіліп отыр, Ақсуат, Ақжар ауылдық округтеріндегі мешіт имамдарына жамағат есебінен көмек көрсетілуде.
    Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында ағымдағы жылы дін мәселелері жөніндегі аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) аудан әкімі Д.Оразбаевпен бекітілген жылдық жоспарға сәйкес аудан аумағында бірқатар жұмыстар атқарған болатын. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ауылдық округтерде  арнайы құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізбейтіндігі байқалды.
    Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы жүргізілген әр кездесулерде, қамтылған тұрғындардың тарапынан ризашылық пен дін мәселелеріне байланысты кездесулерге сұраныстардың жоғарлығын, сонымен қатар, рухани азықтың тапшылығын да байқалады.
    Осыған орай, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсат-міндеттерін орындау, қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын пәрменді ұйымдастыру мақсатында ауылдық округ әкімдіктеріне төмендегіні тапсырған жөн деп есептейміз.
    Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе ауылдық округтер бойынша жалпы ұсыныстар төмендегідей:

    1. Ауылдық округ әкімдерінің аталмыш жұмысқа деген жауапкершіліктерін арттыру;
    2. Діни бірлестіктермен жұмысты нығайту.
    3. Мешіттерді қаржыландыру бойынша жұмыстарды аяқтау.
    4. Ауылдық округтердегі діни жағдайды жіті қатағалауда ұстау
    5. Ауыл тұрғындарының діни сауатын көтеру мақсатында қосымша кездесу, дөңгелек үстелдерді өткізу
    6. Имамы жоқ мешіттерді имаммен қамтамасыз ету

    VІІІ. МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР

    Тарбағатай ауданындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандағы мемлекеттік атқарушы органдарда мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік стандарттарға сай толық ауыстыру туралы аудан әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №135-ші өкімі қабылданған. Бүгінгі күні осы өкімге байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қазан 2007 жылғы №873 қаулысына сәйкес жаңадан өзгертілген стандарт бойынша барлығы 96 Мемлекеттік Ту, 96 Мемлекеттік Герб орнатылған болатын.Оларды бөліп қарайтын болсақ, 43 мемлекеттік мекеме, 53 білім беру саласындағы мекемелер. Алайда Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2014 жылдың 15 мамырында бекіткен ҚР СТ 989 – 2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандартына сәйкес, 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін ҚР СТ 989 – 2008 бойынша дайындалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаларын ауыстыру қажеттілігіне байланысты, аудан бойынша диаметрі 1000 мм. болатын 5 дана және диаметрі 500 мм. болатын 166 дана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаларын алуға аудандық бюджеттен9 350 000 тг. қаржы бөлуге сұраныс берілген.
    Аудандағы жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда және ауылдық округтердің барлығында мемлекеттік стандарттарға сай келмейтін Мемлекеттік Тулар мен Мемлекеттік Елтаңбаларды жою жөніндегі комиссиялар құрылды.
    Аудандағы барлық мектептерде мемлекеттік нышандарды насихаттауға байланысты арнайы бұрыштар және ауылдық округтерде көрнекі-үгіт құралдары орнатылған.
    Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрылған, ол жоспарына сай отырыстарын өткізіп отырады. Онда ауылдық округтері әкімдері және аудандық бөлімдердің мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттаудың жәйі туралы есептері тыңдалды.

    IX.ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ 


    Аудандағы қоғамдық-саяси үрдістер мен тұрғын халықтықтың көңіл күйіне үнемі мониторинг жүргізіліп келеді. Осы мақсатта 2016 жылы ішкі саясат бөлімі тоқсан сайын сауалнама жүргізіп отырды. Сараптамалар негізінен аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың жайы, үкіметтік емес ұйымдардың даму болашағы, аудан жастардың өзекті мәселелері сияқты бағыттар бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар беріліп отырылады.
    Жалпы жүргізілген сауалнамалар қорытындылары бойынша тұрғындар тарапынан ешқандай наразылықтар мен келіспеушіліктер байқалмады. Аудан халқының басым бөлігі елімізде жүргізіліп отырған мемлекеттік бағытты қолдайтындығы анықталды. Еліміздегі лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік атқарушы органдарға деген сенімі жоғары екендігін көрсетті.
    Жалпы жыл көлемінде аудандағы қоғамдық–саяси ахуал тұрақты болды. Қазіргі кездегі қоғамдағы ілгерілеушілік өзгерістер, қоғам және мемлекет тарапынан қойылып отырған талаптар ауданда ішкі саясат мәселелерінің негізгі бағыттары жұмыстар жүргізуде жаңа сапалы әдістер қалыптастыруды қажет етіп отыр. Соған байланысты аудандық ішкі саясат бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді алдағы уақытта да жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар атқара беретін болады.

     

    Бөлім басшысы Ж.Ұлықбеков

     

    2015 ж.
    2014 ж.

     

    Парақтар өзгертілді: 19-01-2017