Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Ауданның қоғамдық саяси өмірі
  • Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2015 жылғы атқарған жұмысы туралы хабарлама

    І.АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ
    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 30 қараша 2015 жылғы «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» - атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мемлекетіміздің алдағы кезеңдегі дамуының басты бағыт-бағдарын анықтайтын саяси маңызы зор құжат ретінде жүйелі түрде насихаттау аудандық ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеті болып табылады. 
    Үстіміздегі жылдың 11 желтоқсан күні Елбасы Жолдауына байланысты аудан активінің жиналысы өткізіліп, онда Жолдауды жүзеге асырудың іс–шаралары және ақпараттық қолдаудың медиа–жоспарлары бекітілді.
    Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттарды тұрғындар арасында түсіндіріп, насихаттау мақсатында 33 адамнан тұратын 2 аудандық, 119 адамы бар 64 ауылдық ақпараттық–насихат топтары құрылған. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, қоғамдық пікір иелері, белсенді жастар тартылған.
    Жолдау жарияланғаннан бері ақпараттық – насихат топтарының мүшелері аудан тұрғындары арасында түрлі формадағы 297 кездесулер, «дөңгелек үстелдер» мен семинар–кеңестер өткізіп, оған 21 386 адам қамтылған.
    Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, насихаттауда аудандық мекеме, бөлімдер және әр ауылдық округтерде көпшілікті толғандыратын мәселелер бойынша тұрғындармен мақсатты кездесулер өткізді. 
    Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерге байланысты ақпараттық–насихат топ мүшелеріне ай сайын тезистер жасалып, көмекші құралдар ретінде таратылып берілді.
    Аудан бойынша Елбасының биылғы жылғы Жолдауына байланысты әр түрлі тақырыпта 132 көрнекі үгіт құралдары (баннерлер) орнатылған.
    Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарына сәйкес аудандық «Тарбағатай» газеті арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылуда. Жолдауға байланысты тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер жарияланып келеді. Сондай-ақ, экономика, ауыл шаруашылығы, білім, медицина, кәсіпкерлік, қорғаныс қауіпсіздігі, арнайы беттер ұйымдастырылып отырылады. 
    Жолдаудың толық мәтіні аудандық «Тарбағатай» газетінде жарияланды.
    «Қазақстан» Ұлтық арнасынан 11 арнайы сюжет берілсе, «Қазақстан-Өскемен» облыстық телеарнасы арқылы «Наурыз», «Отан қорғаушылар», «Ұлы Жеңіске 75 жыл» мерекелеріне және «Жұмыспен қамту-2020», «Ақбұлақ» бағдарламалары, ауылшаруашылық, құрылыс, білім салалары бойынша арнайы материалдар шығарылды. Сондай-ақ, аудан өмірі мен маңызды оқиғалар тұрақты түрде ақпараттық жаңалықтарда беріліп отырылды.
    Жолдауды талқылау барлық мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық ұйымдармен, жастар арасында және ауылдық округтерде ұйымдастырылды.
    Насихат пен түсіндіру жұмыстарына саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері де қамтылған. Осы ретте бүгінгі күні аудандағы қоғамдық ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени-саяси өміріне белсене араласып, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді.
    ІІ. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
    Ауданда бұқаралық ақпарат құралдарынан аудандық «Тарбағатай» газеті бар. Аудандық «Тарбағатай» газеті аптасына, 2 реттен шығады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін журналистермен тығыз байланыс орнатылған.
    Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттау «Тарбағатай» газеті арқылы жүзеге асырылып келеді. 
    Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарына сәйкес аудандық «Тарбағатай» газеті арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылуда. Жолдауға байланысты тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер жарияланып тұрады. 
    Ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, спорт, кәсіпкерлік, құқық қорғау, халыққа қызмет көрсету, байланыс қызметі кәсіптік оқыту салаларына байланысты арнайы беттер ұйымдастырылды.
    2015 жылы «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалы тарапынан, аудандық пошта байланыс торабына 12800 дана баспасөзге жазылу жөнінде тапсырма берілген. Бұл тапсырма аудан бойынша 13707 дана болып, тапсырма 107 пайызға орындалды.
    Республикалық және облыстық «Хабар», «Қазақстан», «Қазақстан-Өскемен» телеарналары арқылы «Наурыз», «Ұлы Жеңіс» мерекелеріне орай 14 рет арнайы хабарлар дайындалып, көрсетілді. Сондай-ақ, аудан өмірі мен маңызды оқиғалар тұрақты түрде ақпараттық жаңалықтарда беріліп отырылды.
    ІІІ.ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН, КӘСІПОДАҚТАРМЕН ЖҰМЫС
    Бүгінгі күні аудандағы қоғамдық ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени-саяси өміріне белсене араласып, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді. Ауданымызда заңды түрде тіркелген 12 ҮЕҰ жұмыс жасайды

     ҮЕҰ атауы  Қызмет бағыты Басшылары (т.ә.ж., лауазымы, қызмет түрі, байланыс телефондары)
    1. «Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігі Аудан табиғатын қорғау, адамдардың экологиялық сауаттылығын арттыру және мектеп оқушыларына жүйелі түрде экологиялық білім мен тәрбие беру. Құттыбаев Ержан Кәрібайұлы
    87010162000
    Жұмыс телефоны 2-10-25
    2 «Ер Дәулетбай» қоғамдық қоры Дәулетбай батырға ескерткіш орнату, жастарға патриоттық тәрбие беру Тыштыбаев Самат
    3 «Барқытбел жастары» жастар қоғамдық бірлестігі Өскелең ұрпақты патриоттыққа, сауаттылыққа, білімділікке, өнерпаздылыққа, мәдениеттілікке, еңбек сүйгіштікке, заңға бағынушылыққа, руханият пен имандылыққа тәрбиелеу. Какишев Нұрқанат
    87758450907
    4 «Толағай жастары»  жастар қоғамдық бірлестігі Өскелең ұрпақты патриоттыққа,
    сауаттылыққа, білімділікке, өнерпаздылыққа, мәдениеттілікке, еңбек сүйгіштікке, заңға бағынушылққа, руханият пен имандылыққа тәрбиелеу.
    Кемербеков Мейіржан
    87753945801
    5 «Демеуші» корпоративтік қоры Ауданда тұратын әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасыларға қайырылымдылық көмектер беру. Мәдени ошақтар, спорттық кешендер, демалыс лагерлеріне көмектесу. Ақшалова Гүлбану
    6 «Тарбағатай кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігі Аудандағы кәсіпкерлердің  мүддесін қорғау. Әлімжанова Манат Сергейқызы
    7 «Спорт ардагерлері» жеке қоры Аудандағы спорт ардагерлері туралы мағлұматтар жинақтау Оразғалиев Болат Орынтайұлы
    8 «Тарбағатай аудандық Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігі Аудандағы ауған соғысы ардагерлерінің мүддесін қорғау жастарға патриоттық тәрбие беру отансүйгіштікке тәрбиелеу Ибраев Серік Бекбосынұлы
    9 «Өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі Ауданның мәдени-рухани сферасын жоғарлату Көпшікбаева Шәкен Мәлікқызы
    87016088545
    87772691426
    10 «Байбол» өзін-өзі басқару қоғамдық қоры Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару мәселелерін дамыту Тлебалғанов Құмаш
    87757520302
    87776802137
    11 «Тарбағатай ауданының мүгедектер ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі Аудандағы мүмкінді шектеулі адамдардың мүддесін қорғау Секенов Өміртай Қалелұлы
    87028183455
    12 «Тарбағатай жарқын болашағы» қоғамдық бірлестігі Ауданда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, тұрғындардың белсенді және шығармашылық дамуына қажетті жағдайлар қалыптастыру Әділханов Эрнс Калиханович
    87782357863
    87775423103

    Аудан әкімдігі жанында үкіметтік ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кеңес құрылған. Кеңес өз жоспарына сай отырыстарын өткізіп, тиісті ұсыныстар жасап отырады.

    Қоғамдық негізде жұмыс жасайтын ұйымдар

    № р/с Атауы Басшының Т.Ә.Ж (лауазымы, байланыс телефондары) Тұрақты өткізілетін мекен-жайы
    (бар болса)
    1 Аудандық еңбек және соғыс ардагерлерінің кеңесі Сахариев Мұқан Ақсуат ауылы «Ардагерлер орталығы»
    87774242957
    2 Аудандық әйелдер кеңесі Мақанова Жұмаш Ақсуат ауылы «Ардагерлер орталығы»
    87755490282

    Кәсіподақтар


    п/п
    Кәсіподақ бірлестіктерінің атауы Басшылары (т.ә.ж., лауазымы, қызмет түрі, байланыс телефондары) Кәсіподақ мүшелерінің саны
    1.  
    Білім беру мекемелерінің кәсіподақ ұйымы Ахметқанов Серікқан тел: 2-12-82 865
    1.  
    Мемлекеттік, банктік қоғамдық қызмет көрсету мекемелерінің кәсіподақ ұйымы Атықанов Ғабитқазы Жанахметович
    Тел: 2-18-19
    731
    1.  
    КМҚК «Тарбағатай аудандық №1 медицина бірлестігінің кәсіподақ ұйымы» Коразғалиева Анар Аяғанқызы 200

    Аудандағы мектептерде балалар мен жасөспірімдердің «Болашақ» қауымдастығы құрылған. Ол «Балдырған», «Ұлан», «Жастар одағы» атты үш сатыдан тұрады. «Болашақ» қауымдастығына 9500 оқушы өз еркімен мүше болып кірген. Бұл қауымдастық жасөспірімдердің өз құқығын қорғай білу, білім дағдыларын жетілдіру, этика, тіл мәселелеріне байланысты тәрбиелік-танымдық іс-шаралар өткізіп келеді.
    IV. САЯСИ ПАРТИЯЛАР
    «Нұр Отан» партиясының ауданда өкілдігі ашылып, облыстық әділет басқармасына заңды түрде тіркелген. Қоғамдық ұйымның ауданда 14 бастауыш партия ұйымы бар. Партия мүшелерінің саны 3055 адам. Партия мүшелігінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар, зейнеткерлер бар.
    Аудандық филиал аудан көлемінде өткізілетін барлық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, спорттық және басқа да маңызды шараларға белсенділікпен қатысып, демеушілік көмектер көрсетіп келеді.
    Елбасының Жолдауы мен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында белгіленген міндеттер мен тапсырмаларды орындау мақсатында аудандық филиал жанынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес кұрылған. Оның құрамына мәслихат депутаттары, зейнеткерлер, жастар және қоғамдық ұйым өкілдері енгізілген. Жалпы қоғамдық кеңес өз жоспарларына сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

    V.МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ

    Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты - жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы»  2015 жылғы 9 ақпандағы № 285 заңының негізгі бағыттары - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесін құрайды.
    Осыған сәйкес, Тарбағатай ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың 2013-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы қабылданған болатын. Аталған бағдарлама негізінде 2015 жылы аудандық бюджеттен 5 млн 343мың теңге бөлінген болатын. Аталмыш қаражат есебінен аудандық жастар орталығы қызмет атқарып және жастар саятын жүзеге асыру бойынша түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралары ұйымдастырылды.
    Бүгінде аудан халқының ішіндегі 14-29 аралығындағы жастар 9 204 адамды құрайды. Жастарды жыныстық құрамына бөлгенде: ерлер 5198 адам,  әйелдер 4006 адамды. Жалпы ауылдағы студенттер мен оқушылар саны – 9071 адам.Оның ішінде: Жоғарғы оқу орнының студенттері – 1080, арнайы оқу орнының студенттері – 1089, мектеп оқушыларының саны – 6696 адам.
    Ауданда білікті кадрлар дайындау мақсатында ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына сәйкес қаржы-экономика, аграрлық, педагогикалық, медициналық маңызды мамандық бойынша соңғы 2 жылда бітірген 422  және оқитын студенттердің көрсеткіші 2116 адам болса, кәсіптік техникалық білім алып жатқан жастар саны(студенттер)- 206 адмды құрайды.
    Жастардың еңбек ресурстарының балансына тоқталсақ:

      1. Экономикалық белсенді жастардың жалпы саны - 5238
      2. Экономиканың әр саласындағы жастардың жұмыспен қамтылғандары жалпы ауыл бойынша - 1235 адам
      3. Жас шамасына бөлгендегі жастардың жұмыссыздық деңгейі - 21  %.
      4. Өмір сүру деңгейі, жастардың табысы орта есеппен 21 228 мың теңгені құрайды.
      5. Жастардың қоғамдағы әлеуметтенуінің аспектісі – отбасылық неке қатынастарын құру жылына шамамен 166 отбасы құрылады

    Ауданда 2 белсенді жастар ұйымы бар. Олар: «Барқытбел жастары» жастар қоғамдық бірлестігіжәне  «Толағай» жастар қоғамдық бірлестігі
    Бүгінгі күні ауданымызда жастардың кәсіпкерлігін дамыту, жастарға патриоттық тәрбие беру, білім сапасын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа және еңбекке баулуға байланысты жастар арасында біршама іс – шаралар өткізіліп келеді.
    Ауданда жастарды мемлекеттік қызметке тартуда мейлінше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта аудан бойынша бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда 195 мемлекеттік қызметкерлердің 33-і жастар.
    “Тарбағатай” колледжінде 2014-2015 жылдары аралығында білім алған жастар саны 119 студентті құрайды. Олар ауылшаруашылығы өндірісінің машинист-тракторист және тігінші шебері мамандығын алған.
    2015 жылы Тарбағатай ауданы бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 190 адам болса, оның ішінде 35 адам жастар.
    Тарбағатай ауданы бойынша 2015 жылы жалпы тұрғын үй алу кезегіне 58 адам тіркелген, оның 28-і жастар. Кезекте тұрған жастарды категорияға бөлгенде 12-сі мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін жастар, аз қамтылған отбасылар саны  10 адам, толық емес отбасылар саны – 5 адамы құрайды.
    Жас мамандарды қолдау мақсатындағы «Дипломмен ауылға» мемлекетттік бағдарламасы бойынша ауданымызда 2014 жылы білім саласы бойынша  5 адам, денсаулық саласы бойынша 1 адам баспаналы болып, көтерме жәрдемақымен денсаулық саласында 4 адам, мәдениет саласынан 1адам, ветеринария саласынан 1 адам, спорт саласынан 1 адам қамтамасыз етілсе, 2015 жылы 30 адамға жалпы соммасы 4 млн. 162 мың 200 тенгені құрайтын көтерме жәрдем ақы берілді. Жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты 14 адамның құжаттары рәсімделуде, оған бөлінген қаражат 41 млн. 926 мың тенгені құрайды.
    2014 жылы 16 бала жастар іс-тәжірибесінен өтсе, 2015 жылы 3 ай және 6 ай мерзімінде жоғарғы оқу орнын бітіріп келген 35 жас маман  жастар іс- тәжірибесіне қабылданды.
    2007-2016 жылдар аралығында облыс әкімінің гранты бойынша жоғарғы оқу орындарына 40 оқушы жолдама алды. Оның ішінде 21 студент бітіріп, 19 студент оқуын жалғастыруда.
    2015 жылы жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті қолдау барысында жиыны 46 адамға несие беріліп, оның ішінде 12 жас кәсіпкер несие алды.
    «Жасыл ел» жастары еңбек жасақтарының  бағдарламасы бойынша мектеп оқушылары, студенттер және жұмыссыз жүрген жастар, жалпы 29 жасқа дейінгі жастар ауылымыздың көркейуі мен гүлденуіне, тазалығына өз үлестерін қосты. Бұл бағдарлама бойынша 2015 жылы  ауданымызға  350 адамға квота беріліп, бағдарламаның жүзеге асырылу қорытындысы бойынша облсы әкімінің «Үздік штаб» дипломымен марапатталды.
    Жастар арасында мәдени-көпшілік, қоғамдық саяси, бұқаралық спортты дамытуда көптеген іс-шаралар өткізілуде. Атап айтқанда, ардагерлер орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына нақты айқындап берген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жастар арасында талқылау мақсатында кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты «100 нақты қадам»-ды халыққа жеткізу, оның ішінде жастарға түсіндіру әр қадамымен таныстыру. Ел Президентінің Халыққа жолдаған 5(бес) институционалдық реформаны және мемлекеттік жастар саясатының заңдылығы оның тиімділігі мен жүзеге асуының басты мақсаты болып табылады. Бұл кездесуге ШҚО Жастар орталығының директоры ақпараттық насихат тобының мүшесі А.Есімбекова, жастар мен еркін пікір алмасу мақсатында мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыруда және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге байланысты арнайы келіп кездесу өткізді. Кездесуге әр салада қызмет атқарып жүрген жастар, мемлекеттік жас қызметкерлер қоғамдық ұйым өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ-ның белсенді мүшелері, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты. Отырысқа шамамен 70(жетпіс) жас қатысып, өз ұсыныстарымен пікірлерін және тың идеяларымен бөлісті.
    Аудандық жастар орталығы және аудандық білім беру бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен 9 мамыр-Ұлы Жеңіске 70 жыл және 7 мамыр-Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына 22 жыл толуына орай мектеп білімалушылары арасында өткізілетін «Жас Ұлан» әскери-патриоттық сайысы болып өтті.
    Қазақстан Республикасының Президенті 1 наурыз 2013 жылғы №3827- ші Жарлығымен «Отбасы күні» бекіткен болатын.
    Осыған орай  Ақсуат мәдениет үйі мен аудандық Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасы өрелі ұрпақ тәрбиелейді» атты танымдық токшоу өткізіліп 100 ге жуық адам қамтылды.
    Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырып «Ардагерлерді ардақтайық» атты жастар акциясын ұйымдастырып, өткізіп келеді.
    2015 жылдың 4 маусымында аудандық жастар орталығы және аудандық ішкі саясат бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен аудан орталығында рәміздер күні аталып өтті. Еліміздің көк байрағы желбіреген Туымызға, Елтаңба мен Әнұранға деген құрмет көрсету мақсатында мекемелер арасында авто шеру өткізілді. Аталмыш шараға 15 мекеме қатыты.
    Сонымен қатар, 2015 жылы 5 қыркүйек күні «Саламаты өмір салтына: ИӘ деп жауап береміз!» ұранымен денсаулық  фестивалі -2015 спорттық мерекелік шара өтті. Бұл денсаулық  фестиваліне мекеме қызметкерлері мен  ауыл тұрғындары және  мектеп оқушылары қатысты. (8-9-10-11)  . Шара кезінде  жаппай жүгіру , ұзындықтан секіру  спорттық  ойындар ойнатылды. Фестиваль қортындысы  бойынша жеңіс тұғырынан көрінген жекелеген  қатысушыларға  ауылдық округ әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
    2015 жылдың 11-13 қыркүйек күндері аралығында Семей қаласында өткізілген мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбиеге байланысты ІІІ Халықаралық «Жас Ұлан» әскери спорттық ойындар ауданымыздың құрама командасы қатысты.
    Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Жастар Отанға» жобасы шеңберінде Ақсуат мәдениет үйінде «Тәуелсіз елдің жастары» атты Жайдарман сайысы болып өтті.  Ойында аудан әкімінің жүлдесі үшін қойылған арнайы кубок пен бас бәйге сыйлығын №2 Ақсуат орта мектебінің «Қазақ қыздары» командасы жеңіп алды. Аталған шараға 10 команда қатысып, 300-дей жас қамтылды.аталмыш шара, яғни жастардың көңілді кештері әр ауылдық округ бойынша өткізіліп тұрады.
    2015 жылы Өскемен қаласында «Маусымашар - 2015» Жайдарман сайысы болып өтті. Сайысқа аудан атынан «Тарбағатай жастары» құрама командасы қатысып арнайы сертификатпен марапатталған болатын.
    Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға, интернат оқушыларына «Мейірімді жүрекпен» тәтті күлкі акциясы өткізілді. Аталған акцияға 100 бала қамтылып, оларға арнайы дастархан жайылып, тәтті тағамдар қамтамасыз етілді.
    Сондай-ақ жастар мәселесі жергілікті атқарушы органдар тарапынан үнемі қадағаланып отырылады.
    Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан аудан жастарының Форумы жас буын өкілдері арасында тың серпіліс әкелуде.
    Аталмыш форум аясында «Жылдың үздік жас дәрігері» «Жас отбасы» «Жылдың үздік жас кәсіпкері» «Жылдың үздік жас ұстазы» «Жылдың үздік жас өнер иесі» «Жылдың үздік жас спортшысы» «Жылдың жас көшбасшысы» «Жылдың жас мемлекеттік қызметкері» номинациялары бойынша үздік деп танылған жастар аудан әкімінің дипломы және бағалы сыйлықтармен марпатталып келеді.
    2015 жылы жастар саясаты бағытында түрлі мәселелер бойынша жүгінген жастар саны 46 адамды құрады. Оның 28-інің өтініші қанағаттандырылып, 18 аудандағы тиісті мемеме, бөлімдерден құзіретіне жолданған болатын.

    VІ. САЯСИ ЖОСПАРЛАУ
    Жалпы 2015 жыл көлемінде өткізілген мемлекеттік мерекелер қатарында Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Абайдың 170 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өттік. Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының бірлігі, Отан қорғаушылар күндері мерекелерін өткізуге байланысты арнайы жоспарлар жасалып, жоғарғы танымдық дәрежеде ұйымдастырылды.
    Наурыз айының 19-22 күндері аралығында  барлық ауылдық округтерде Ұлыстың ұлы күні мерекесіне байланысты  мәдени-көпшілік, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүрімізді насихатау мақсатында арнайы киіз үйлер құрылып, ұлттық тағамдар халыққа ұсынылды. Театрландырылған арнайы көріністер қойылды.
    Ұлттық спорт ойындары бойынша ат жарыстары, арқан тарту, күрес, тоғыз құмалақ, қаражорға биінен жарыстар ұйымдастырылды.
    Аудандағы барлық мектептерде  арнайы тақырыптар бойынша апталықтар жарияланып, түрлі шаралар өткізілді.
    1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамына байланысты барлық ауылдық округтерде және аудан орталығында кең көлемде мерекелік шаралар ұйымдастырылып  өткізілді. Мерекелік шеру кезінде Қазақстан халқының бірлігін паш ететін мерекелік безендендірілген автокөліктер шықты. Мерекеге байланысты салтанатты жиналыс, 14 ұлттың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттайтын театрландырылған көріністер көрсетті. Әр ұлттың үздік әндері шырқалды. Сонымен қатар, 20 түрлі ұлттардың тағамдары мен ұлттық бұйымдарының көрмесі өткізілді. Мереке кезінде мерекелік сауда-саттық, арзандатылған ауыл шаруашылық тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мерекеге байланысты арнайы спорттық жарыстар, жастардың би кештері ұйымдастырылды.
    Отан қорғаушылар күніне орай орталық алаңда әскерге шақырылушы жас сарбаздар арасында әскери бессайыс және патриоттық әндерден конурс ұйымдастырылды.
    Ұлы Жеңіс мерекесінің 70 жылдық мерей тойына байланысты салтанатты шара «Белгісіз солдат» ескерткішінің басына аудандық мекеме, бөлімдердің гүл шоқтарын қоюынан басталды. Сондай-ақ, ескерткіш басында соғыста қаза тапқандарды еске алу рәсімі болып өтті. Аудан мектептерінің қатысуымен кең көлемде жас сарбаздардың әскери мерекелік шеру өткізілді. Салтанатты жиын түрлі патриоттық әндердің шырқалуымен және би қойылымдарымен жалғасты.
    Мерекелік шара барысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбекккерлері аудан және ауылдық округ әкімдерінің мерекелік қабылдаулары өткізілді. Сондай-ақ, мереке кезінде мерекелік сауда-саттық, арзандатылған ауыл шаруашылық тағамдарының жәрмеңкесі де ұйымдастырылған болатын. Аудан орталығында мерекелік шараның жалғасы орталық алаңдағы кешкі гала концертпен жалғасты.
    Барлық ауылдық  округтерде тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға «Қайырымдылық көмектер» көрсету шаралары  ұйымдастырылды.
    Аудандағы барлық мешіттерде  саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып құран-қатым түсіріледі. Сонымен қоса, аудан мектептерінде саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының өскелең ұрпақтарымен кездесулері өткізілді. Аудандық орталық кітапханада қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға байланысты дөңгелек үстел өткізілді.
    «Туған жерге тағзым» акциясы аясында биылғы жылы  «Ырғызбай Досқанаұлы» атындағы қазақша күрестен халықаралық турнир жоғары дәрежеде өткізілді. Оған «Қазақстан барысы» турнирының жеңімпаздары және осы спортта халықаралық деңгейде танымал спортшылар қатысты. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, барлық ауылдық округтерде концерттік бағдарламалар, балалар арасындағы спорттық жарыстар, өнер байқаулары ұйымдастырылды.
    Спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында аудан әкімінің жүлдесі үшін спорт ойындары кең көлемде аталып өткізілді.
    «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жоспар бойынша бүгінгі күнге дейін 58 жоба, 60 млн.561 мың теңгенің жұмысы атқарылды.
    Барлық мерекелерге байланысты аудандық «Тарбағатай» газетіне аудан әкімі мен мәслихат хатшысы атынан мерекелік құттықтаулар және өткізілетін салтанатты жиындарда құттықтау сөздері дайындалып отырылды.
    Ауданда өткізілген түрлі мемлекеттік мерекелер мен айтулы оқиғаларға байланысты өткізілетін шараларда видеороликтер көрсету, баяндамаларды слайдтар арқылы жасау сияқты ақпараттық жаңа формалары кеңінен пайдаланылды.
    Жалпы аудан бойынша жыл басынан бергі мерзім ішінде 121  қоғамдық – саяси шара өткізіліп, оған 15389 адам қамтылды.

    VІІ. ДІНИ ЖАҒДАЙДЫ ҚАДАҒАЛАУ
    Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі атқарылған  жұмыстар.
    Қазіргі таңда дін саласындағы мемлекеттік саясат Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев белгілеген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың және діни үдерістерді алдын-ала болжап бақылаудың біріңғай жүйесін құру туралы стратегия шеңберінде одан әрі қалыптасуда.
    Ауданымызда ҚР «Діни бірлестік және діни қызмет туралы» заңына сәйкес 29 діни бірлестік қайта тіркелуге құжат өткізіп оның  ішінде 23 мешіт діни бірлестік болып тіркеуден өтті. Тарбағатай ауданындағы қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктер келесідей: Ақсуат өңіріне қарасты «Қызыл жұлдыз», «Қарғыба», «Жәнтікей», «Сәтбаев» ауылдық мешіті, Ақжар өңіріне қарасты «Қазақстан», «Ақмектеп», «Шеңгелді» ауылдық мешіті.
    ҚР Әділет минстрлігі, ШҚО Әділет департаментінің  №107р бұйрығымен «Қазақстан ауылдық мешіті», №105р бұйрығымен «Ақмектеп ауылдық мешіті», №129р бұйрығымен «Шеңгелді ауылдық мешіті», №109р бұйрығымен Сәтпаев ауылдық мешіті, №133р «Қарғыба ауылдық мешіті», №131р бұйрығымен «Қызыл жұлдыз ауылдық мешіті», №130р бұйрығымен «Жәнтікей ауылдық мешіті» «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» діни бірлестігінің филиалы есебінен шығарылды.  Бұл тіркеуден алынған мешіттердің ішінде «Қызыл жұлдыз» және Үштөбе және Тана мырза, сонымен қатар Ырғызбай ауылдық округінде жаңадан салынған «Әулие Ырғызбай», Қарасу  ауылдық округіндегі жаңадан салынған «Қараой» ауылдық мешіттері облыс әкімдігінің 2012 жылғы 27-қыркүйектегі №232 қаулысына сәйкес намазхана болып тіркелді. Тарбағатай ауданында ҚР «Діни бірлестік және діни қызмет туралы» Заңына сәйкес бүгінгі күнге дейін сот шешімімен ешбір діни бірлестік таратылмаған, ресми түрде 23 мешіт, 5 намазхана тіркелді. Ақсуат өңіріне қарасты 7 мешіт, Ақжар өңіріне қарасты 16 мешіт қызмет етеді. Барлық мешіт имамдары ҚМДБ діни басқармасына қарасты медреселерден  2- 4 айлық діни білім алған.
    Бүгінгі күні, аудан бойынша Ақжар ауылдық округіне қарасты Жаңалық аулында  «Нұрахмет» мешітінде (халық саны 795), Қабанбай ауылдық округіндегі «Тәуке» мешітінде (халық саны 240), Маңырақ ауылдық округіндегі «Бозша» мешітінде (халық саны 1800), Жетіарал ауылдық округіндегі «Асусай» мешітінде (халық саны 2123), Жаңаауыл ауылдық округі, Жаңаталап ауылындағы «Қабдеш» (халық саны 1846) мешіттерінде діни қызмет атқаратын тұрақты имам жоқ. Арнайы жүргізілген жұмыс нәтижесінде Тұғыл ауылдық округіне қарасты Байтоғас ауылындағы «Көштай» мешітіне Қайдарханов Қуат есімді азамат ҚМДБ бұйрығымен тұрақты имам қызметіне кірді. Қазіргі таңда ауданымыздан Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінде 5 студент, Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір сыдық» медресесінде 4 шәкірт оқып жатыр. Нұр-Мүбарак университеті мен ҚМДБ қарасты медресесінде білім  алып жатқан студенттерді, имамы жоқ мешіттерге имамдық қызметке тарту жоспарланып отыр.
    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың келісімі негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 03-10.16 –шы хатына сәйкес, ауыл имамдарын тұрақты жалақымен қамтамасыз ету мүмкіншілігін қарастыру тапсырылған.
    Осыған орай барлық ауылдық округтерге  осы мәселені шешу жөнінде бірнеше хат жолданған болатын, нәтижесінде  қазіргі таңда Тарбағатай ауданы бойынша 7 мешіт имамдарына (Ойшілік , Құмкөл, Қарасу, Құйған, Кіндікті, Жаңа ауыл, Жетіарал ауылдық округтеріне қарасты мешіт имамдарына) жалақы төлеу мәселесі шешіліп отыр, Ақсуат, Ақжар ауылдық округтеріндегі мешіт имамдарына жамағат есебінен көмек көрсетілуде.
    Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында ағымдағы жылы дін мәселелері жөніндегі аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы (АНТ) аудан әкімі Д.Оразбаевпен бекітілген жылдық жоспарға сәйкес аудан аумағында бірқатар жұмыстар атқарған болатын. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ауылдық округтерде  арнайы құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізбейтіндігі байқалды.  .
    Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы жүргізілген әр кездесулерде, қамтылған тұрғындардың тарапынан ризашылық пен дін мәселелеріне байланысты кездесулерге сұраныстардың жоғарлығын, сонымен қатар, рухани азықтың тапшылығын да байқалады.
    Осыған орай, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсат-міндеттерін орындау, қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын пәрменді ұйымдастыру мақсатында ауылдық округ әкімдіктеріне төмендегіні тапсырған жөн деп есептейміз.
    Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе ауылдық округтер бойынша жалпы ұсыныстар төмендегідей:

    1. Ауылдық округ әкімдерінің аталмыш жұмысқа деген жауапкершіліктерін арттыру;
    2. Діни бірлестіктермен жұмысты нығайту.
    3. Мешіттерді қаржыландыру бойынша жұмыстарды аяқтау.
    4. Ауылдық округтердегі діни жағдайды жіті қатағалауда ұстау
    5. Ауыл тұрғындарының діни сауатын көтеру мақсатында қосымша кездесу, дөңгелек үстелдерді өткізу
    6. Имамы жоқ мешіттерді имаммен қамтамасыз ету

    VІІІ. МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
    Тарбағатай ауданындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандағы мемлекеттік атқарушы органдарда мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік стандарттарға сай толық ауыстыру туралы аудан әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №135-ші өкімі қабылданған. Бүгінгі күні осы өкімге байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қазан 2007 жылғы №873 қаулысына сәйкес жаңадан өзгертілген стандарт бойынша барлығы 96 Мемлекеттік Ту, 96 Мемлекеттік Герб орнатылған. Оларды бөліп қарайтын болсақ, 43 мемлекеттік мекеме, 53 білім беру саласындағы мекемелер.
    Аудандағы жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда және ауылдық округтердің барлығында мемлекеттік стандарттарға сай келмейтін Мемлекеттік Тулар мен Мемлекеттік Елтаңбаларды жою жөніндегі комиссиялар құрылды. 
    Аудандағы барлық мектептерде мемлекеттік нышандарды насихаттауға байланысты арнайы бұрыштар және ауылдық округтерде көрнекі-үгіт құралдары орнатылған.
    Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрылған, ол жоспарына сай отырыстарын өткізіп отырады. Онда ауылдық округтері әкімдері және аудандық бөлімдердің мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттаудың жәйі туралы есептері тыңдалды.
    IX.ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ
    Аудандағы қоғамдық-саяси үрдістер мен тұрғын халықтықтың көңіл күйіне үнемі мониторинг жүргізіліп келеді. Осы мақсатта 2015 жылы ішкі саясат бөлімі тоқсан сайын сауалнама жүргізіп отырды. Сараптамалар негізінен аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың жайы, үкіметтік емес ұйымдардың даму болашағы, аудан жастардың өзекті мәселелері сияқты бағыттар бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар беріліп отырылады.
    Жалпы жүргізілген сауалнамалар қорытындылары бойынша тұрғындар тарапынан ешқандай наразылықтар мен келіспеушіліктер байқалмады. Аудан халқының басым бөлігі елімізде жүргізіліп отырған мемлекеттік бағытты қолдайтындығы анықталды. Еліміздегі лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік атқарушы органдарға деген сенімі жоғары екендігін көрсетті.
    Жалпы жыл көлемінде аудандағы қоғамдық–саяси ахуал тұрақты болды. Қазіргі кездегі қоғамдағы ілгерілеушілік өзгерістер, қоғам және мемлекет тарапынан қойылып отырған талаптар ауданда ішкі саясат мәселелерінің негізгі бағыттары жұмыстар жүргізуде жаңа сапалы әдістер қалыптастыруды қажет етіп отыр. Соған байланысты аудандық ішкі саясат бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді алдағы уақытта да жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар атқара беретін болады.

     

    Парақтар өзгертілді: 19-01-2017