Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Мемлекеттік қызмет көрсету
  • Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

    Тарбағатай ауданы бойынша 2013 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

    2013 жылы жалпы аудан бойынша жергілікті атқарушы органдар арқылы 16 161 қызмет көрсетілген. Көрсетілген қызметтердің 1517 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 65 «электронды үкімет порталы» арқылы көрсетілсе, қалған 14 579 қызмет тікелей мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.
    Көрсетілген қызметтерге халықтың қанағаттану деңгейін анықтау үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету карточкалары толтырылады. Толтырылған карточкалардағы статистикалық ақпаратқа сәйкес көрсетілген барлық қызметтерге халық «қанағаттанарлық» деген баға берген.
    2013 жылдыңқорытындысы бойынша 1 өтініштің мерзімі бұзылып орындалды. Атап айтқанда: Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына (7 жасқа) дейiнгi балаларды тiркеу. Аталған кемшілікті жіберген жауапты маманға ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылды. Сонымен қатар есепті мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне байланысты шағымдар тіркелгенжоқ.
    Ішкі бақылау аясында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне байланысты 5 тексеру жұмыстары және 16 «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Аталған мәселелерге байланысты аудандық Тарбағатай газетінде 4 мақала жарияланды.
    ҚР Президентінің Жарлығын орындау мақсатында «мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағытына сәйкес облыс бойынша жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау жүргізіледі.
    «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағытына сәйкес облыс бойынша жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалауға сәйкес аудан 2012 жылы 59,74 балл алып, рейтинг бойынша 3 орынға ие болды (2011 жылы 37,14 балл 16 орын).
    Бағалаудың аталған бағыты бойынша әдістеме жыл сайын өзгеріп отырады, 2013 жылы ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 06-7/712 бұйрығы және ҚР КжКМ 2013 жылғы 28 қарашадағы № 964 бірлескен бұйрығымен қайта бекітілген.
    Аталған көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп бақылауда ұсталынуда.

    Тарбағатай ауданы бойынша 2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат      

    2014 жылы жалпы аудан бойынша жергілікті атқарушы органдар арқылы 27034 қызмет көрсетілген. Көрсетілген қызметтердің 752 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 137 «электронды үкімет порталы» арқылы көрсетілсе, қалған 26145 қызмет тікелей мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.
    Көрсетілген қызметтерге халықтың қанағаттану деңгейін анықтау үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету карточкалары толтырылады. Толтырылған карточкалардағы статистикалық ақпаратқа сәйкес көрсетілген барлық қызметтерге халық «қанағаттанарлық» деген баға берген.
    2014 жылдың қорытындысы бойынша 2 өтініштің мерзімі бұзылып орындалды. Атап айтқанда: Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жолдама беру үшiн мектеп жасына (7 жасқа) дейiнгi балаларды тiркеу. Аталған кемшілікті жіберген жауапты маманға ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылды. Сонымен қатар есепті мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне байланысты шағымдар тіркелгенжоқ.
    Ішкі бақылау аясында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне байланысты 5 тексеру жұмыстары және 6 «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Аталған мәселелерге байланысты аудандық Тарбағатай газетінде 8 мақала жарияланды.

     

    Тарбағатай ауданы бойынша 2015 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

    2015 жылы жалпы аудан бойынша жергілікті атқарушы органдар арқылы 121308  қызмет көрсетілген. Көрсетілген қызметтердің 4124 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 306 «электронды үкімет порталы» арқылы көрсетілсе, қалған 109575 қызмет тікелей мемлекеттік орган арқылы көрсетілген.
    Көрсетілген қызметтерге халықтың қанағаттану деңгейін анықтау үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету карточкалары толтырылады. Толтырылған карточкалардағы статистикалық ақпаратқа сәйкес көрсетілген барлық қызметтерге халық «қанағаттанарлық» деген баға берген.
    2015 жылдың қорытындысы бойынша  мерзімі бұзылып, орындалған өтініштер тіркелген жоқ. Сонымен қатар есепті мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне байланысты шағымдар тіркелген жоқ.
    Ішкі бақылау аясында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне байланысты 4 тексеру жұмыстары және 6 «дөңгелек үстелдер» өткізілді.

     

    Тарбағатай ауданы бойынша 2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

    2016 жылы жеке және заңды тұлғаларға -27083 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде 6147 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 1619 «электронды үкімет порталы», 18507 альтернативті қызмет арқылы көрсетілсе, қалған 810 қызмет тікелей мемлекеттік орган арқылы көрсетілді. 2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ.

    2016 жылдың қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданының жер қатынастары бөлімі тарапынан «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» қызмет түрі бойынша  1 өтініштің мерзімі бұзылып орындалды. Аталған кемшілікті жіберген бас маманға бөлім басшысының бұйрығымен ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

    Алдағы уақытта жоғарыда аталған кемшіліктерді болдармау және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында тиісті шаралар қабылданды.
    Аталған көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп бақылауда ұсталынуда.

     

    Тарбағатай ауданы бойынша 2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

    2017 жылы жеке және заңды тұлғаларға -150852 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде 5456 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 584 «электронды үкімет порталы», 143774 альтернативті қызмет арқылы көрсетілсе, қалған 1038 қызмет тікелей мемлекеттік орган арқылы көрсетілді. 2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ.
    2017 жылдың қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданының білім беру бөлімі тарапынан «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» қызмет түрі бойынша  1 өтініштің мерзімі бұзылып орындалды. Аталған кемшілікті жіберген бас маманға бөлім басшысының бұйрығымен ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
    Алдағы уақытта жоғарыда аталған кемшіліктерді болдармау және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында тиісті шаралар қабылданды.
    Аталған көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп бақылауда ұсталынуда.

     

    Парақтар өзгертілді: 23-01-2019