Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Әлеуметтік сала
  • Әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар

    Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2017 жылдың  12 айында атқарылған жұмыстары туралы

    Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы зандылықтарың және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын міндеттерді басшылыққа ала отырып 2017 жылы төмендегідей жұмыстар атқарды.
    Халықты жұмыспен қамту саласында 2017 жылдың 12 айында  халықты жұмыспен қамтуда экономикалық белсенді халықтың ішіндегі жұмыссыздардың үлесі 0,7% құрап, ресми тіркелген 83 адам болды. 12 айда 1628 адам жұмыс іздеушілер ретінде тіркеліп, олар есепке қойылды. Осы мерзім аралығында ауданда 1192 адам тұрақты және уақытша жұмыстарға орналасты. 2017 жылы 766 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 12 айда 940 жаңадан жұмыс орындары құрылып, жылдық жоспар 102,6%, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 122 % орындалды.

    Аудандық аймақтарды қамту бағдарламасына сәйкес 2017 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 200 адам жіберу жоспарланса, 12 айда ақылы қоғамдық жұмыстарға 235 адам жіберіліп, 117 % орындалды.
    Кәсіптік даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес 1 мамандық бойынша 20 адам кәсіптік даярлықтан өтіп, жоспар 100% орындалды. Жастар іс-тәжірибесіне 2 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам жіберілді.
    Күн көріс деңгейі кедейшілік шегінен төмен тұраған адамдар саны 2018 жылдың 1 қантарға 1423 адам болды, төмендегі халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары арқылы бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 19 адамға азайды.

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек Қазақстан Републикасының туралы» Заңына сәйкес 12 айда күн көріс деңгейі кедейшілік шегінен төмен 88 отбасының 307  мүшесіне 11035,6 мың.теңге тағайындалып, 11035,6 мың теңге төленді. Жылдық жоспар 100 % орындалды.

    «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының    Заңына сәйкес 18 жасқа дейінгі балалары бар 1711 отбасының 5095 баласына 108607,6 мын теңгенің жәрдемақысы тағайындалып, 108607,6 мың теңге төленді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 316 отбасына 731  балаға азайды.
    Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген 49 отбасының 100 мүшесіне  2390,7 мың теңгеге тағайындалып, толық  төленді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 34 отбасына 104 алушыға азайды. Жоспар бойынша бөлінген жылдық қаржы 2390,0 мың теңге, 12 айда 2390,7 мың теңге бөлінген, 100% игерілді.

    «Өрлеу» бағдарламасына  2016  жылдың 12 айында 232 отбасы 1162 адам тартылып, өткен жылдан жобаға қатысушыларды қоса алғанда республикалық бюджеттен 32668,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 21141,0 мың теңге шартты ақшалай көмек төленді.12 айда жергілікті бюджеттен төленген қаржы 21141,0 мың теңге, жылдық жоспар 100 % орындалса, республикалық бюджеттен төленгені 32668,0 мың теңге, немесе жылдық жоспар 100 %-ға орындалды.
    Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 270 адам немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабілетті қатысушыларының жалпы санынан 91,9 %-ы тартылды, оның ішінде:
    нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламалары негізінде қатысушылары - 106 адам  (4,6 %);
    тұрақты жұмысқа орналастырылғандар – 164 адам (87,3 %);

    Үйден тәрбиеленіп оқылатын мүгедек балаларды материалдық қамту бағдарламасы бойынша 63 балаға 4676,5 мың теңге тағайындалып, 4654,0 мың теңге төленді.

    Мүгедектердің оңалту бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 12айында мүгедектердің оңалту картасы негізінде 2 адам жеке көмекшілердің көмегін алса, 54 адам гигиеналық құралдармен, 19 адам сурдо-тифло техникалық құралдармен, 4 адам жүрмелі арбалармен, 30 адам протез-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.  
    Осы мерзім аралығында 193 зейнеткер «УБА»  сауықтыру шипа жайында денсаулықтарын түзесе,  жеке оңалту картасына сәйкес «Мойылды» шипа жайына 4  адам, «УБА»  сауықтыру шипажайына 1 адам жіберіліп денсаулықтарын түзеп қайтты.

    Мүгедектердің қолжетімдігін қамтамасыз етуде бүгінгі күні ауданда паспорттауға жататын 147 объекті бар, оның 133 объектісі паспорттаудан, 33 объекті беймдеуден өтті.

    Жергілікті атқарушы органның шешіммімен жекелеген санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 12 айында облыстық бюджет есебінен коммуналдық өтемақылар үшін ҰОС ардагерлері мен мүгедектері және оған теңестірілген 100 адамға коммуналдық қызметтер үшін 4308,0 мың теңге,  «Алтын алқа»,  «Күміс алқа», «Ана даңқы орденімен»  бұрынғы «Батыр ана» атағын алған 1724 анаға 17240,0 теңге, кәмелетке жасы томаған 4 және одан да көп  баласы бар 1002 анаға 10020,0 мың теңге жәрдемақы, 4-ші бала босанған 114 аналарға 5693,0 мың.теңге көлемінде біржолғы  ақшалай көмек көрсетілді.
    Облыс әкімдігінің  22 сәуір 2016 жылғы № 122 «Жеңістің 71 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысының   қатысушылары мен мүгедектерін қолдау шаралары туралы» қаулысына байланысты Жеңістің 72 жылдығы құрметіне облыстық бюджеттен әрқайсысына 500,0 мың теңгеден, жиыны 1500,0 мың теңге төленді. Жергілікті бюджет есебінен  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әрқайсысына 125,0 мың теңгеден төленді, жиыны 375,0 мың.теңге
    Облыс әкімінің грантымен 2017-2018 оқу жылыңда  білім  алып жатқан  2 студентке  осы мерзім ішінде 3024,0 мың теңге төленді.
    Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 260 адамға 10 мың теңгеден 2600,0 мың теңге материалдық көмек төленді. 
    Осы мерзім аралығында  мұқтаж 102 азаматтарға аса қажетілікке 3523,0 мың.теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

    Үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері бойынша
    Үйден әлуметтік қолдауды қажет ететін жалғыз басты қарттармен мүгедектерге және 18 жастан асқан психо-неврологиялық ауытқуы бар азаматтар мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бойынша Ақсуат, Ақжар аймақтары бойынша 4 бөлімше жұмыс істейді, осы бөлімшелер арқылы 479 адам арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіліп, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді.

     

    Парақтар өзгертілді: 19-01-2018