Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Әлеуметтік сала
  • Көші-қон

    «Халықтың көші – қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 2004 – 1 және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарымен, «2005 – 2006 жылдарға арналған ораламандардың көші – қоны үлесі туралы» 2005 жылғы 18 сәуірдегі Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің қаулысымен сәйкес Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оралмандарды қабылдау, орналастыру және бейімделу бойынша жұмысты өткізеді.
    Тарбағатай ауданында көшіп келген оралмандар - 316 отбасы, яғни 1490 адам тұрып жатыр. Олар бүгінде ауданымыздың әлеуметтік–экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда.
    Бүгінгі күні оларға мемлекет тарапынан берілетін әртүрлі жәрдемақылар тағайындалып келеді. Сонымен қоса жұмысқа қабілеттілерінің барлығы өздерінің кәсіптерімен егін, тігін, диқаншылық жұмысымен, мал шаруашылығымен және жеке кәсіпкерлікпен шұғылданып, өздерін-өздері қамтамасыз етіп отыр.
    Жыл басынан бері «Жұмыспен қамту 2020»  бағдарламасы бойынша 15 оралман 29 млн. теңге шағын несие алған.
    Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласынан ауданымызға 42 отбасы көшіп келгелі отыр. Олар Ақсуат ауылына 6 отбасы, Екпін ауылына 11 отбасы, Құмкөл ауылына 25 отбасы тіркелді. Оның ішінде 14 отбасы өз шаруа қожалықтарын ашып, жер телімін алды.

    Парақтар өзгертілді: 21-01-2016