Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Әлеуметтік сала
  • Халықты әлеуметтік қорғау- Әлеуметтік қамсыздандыру

    Тарбағатай ауданы бойынша барлық ауылдық округтерде  өткен әлеуметтік мерекелік іс-шаралар

    Ақсуат -ауылында 8 – наурыз мейрамында 92 адамға  147 200 теңгенің мерекелік сыйлықтары табысталды.  22 – наурызда 350 адамға 500 000 теңгенің дастарханы жасалып, 42 адамға 84 000 теңгенің басқадай көмектері көрсетіліп және  14 адамға 132 000 теңгенің жанба отыны берілді. Барлығы 498 адамға 863  200 теңгенің көмектері жасалды. 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған іс-шара жасалып, аталып өтілді. Мерекеге 10 мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналары    қатысты. Іс-шара бойынша балалар өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ балалар аудан орталығындағы өлкетану мұражайына барды. «Көкжайдақ» кафесінде мерекелік дастархан жасалып, түскі ас берілді. 10 балаға 24 000 теңгенің тамақтай, ақшалай сыйлығы табысталды. Қайырымдылық акциясы аясында 220  адамға 450 700 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Сатпаев -ауылында 8 -  наурыз  мейрамында 41 адамға  заттай 20 500 теңгенің  сыйлығы  берілді. 22-наурызда 120 адамға 60000 теңгенің мерекелік дастарханы жасалды. Жиыны 161 адамға 80 500 теңгенің көмегі берілді. Қайырымдылық акциясы аясында 103  адамға 365 500 теңгенің көмегі көрсетілді.

    Қызыл- Кесік- ауылында  8 – наурыз мерекесінде 13 анаға  22 000 теңгенің заттай сыйлығы берілді. 22 – наурыз мейрамында ауылда «Күш атасын танымас» атты сайыс өтті. Мұнда ұлттық ойындардан жарыстар өткізілді. 47 жеңімпазға 50 000 теңгенің сыйлықтары табысталды. Мәдениет үйінің  фойесінде  мерекелік дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары: наурыз көже, талқан, қоспа, бауырсақ, құрт, қазы – қарта қойылды.  300 адамға 129 500 теңгенің мерекелік дастарханы жайылды. Жиыны 360 адамға 201 500 теңгенің көмегі көрсетілді.  Қайырымдылық акциясы аясында 193  адамға 480 900 теңгенің көмегі көрсетілді.

    Құмкөл
    -ауылында 8 наурыз қарсаңында   ауылдық мәдениет үйінде  мерекелік  концерт қойылды. 31 адамға 65 000 теңгенің   заттай сыйлығы беріліді. 22 – наурызда 84 адамға 50 000 теңгенің дастарханы жасалды.  Қайырымдылық акциясы аясында 236  адамға 375 000 теңгенің көмегі көрсетілді.

    Көкжыра  -ауылында 8- наурызда 10 адамға 50 000 теңгенің заттай сыйлықтар жасалды. 22 – наурызда 40 адамға 210 000 теңгенің  мерекелік дастарханы жасалып, басқадай көмек түрлері көрсетілді.  Қайырымдылық акциясы аясында 123  адамға 235 000 теңгенің көмегі көрсетілді.

    Жәнтікей- ауылында 8 – наурыз мерекесінде 60 анаға 1000 теңгеден 60 000 теңгенің сыйлығы жасалды. 22 наурызда 22 адамға 43 000 теңгенің  мерекелік дастарханы жасалды. Қайырымдылық акциясы аясында 78  адамға 186 900 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Кіндікті- ауылында 8 – наурыз мерекесіне байланысты мәдениет үйінде іс- шаралар ұйымдастырылып, ауыл әкімі Ә.Ануарбек аналарды мерекесімен құттықтап, сыйлықтар тапсырды. 55 анаға 82 000  теңгенің  заттай сыйлығы табысталды. 22- наурызда  95 адамға 95 000 теңгенің мерекелік дастарханы жасалып, басқа да көмектер көрсетілді. Қайырымдылық акциясы аясында 74  адамға 233 500 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Екпін -ауылында  8- наурыз мерекесінде 55 адамға 60 000 теңгенің заттай сыйлықтары берілді. 22 – наурызда 70 адамға 70 000 теңгенің дастарханы жасалды. 2 адамға 24 000 теңгенің жанба отын көмегі жасалды. Жиыны 127 адамға 154 000 теңгенің көмегі көрсетілді. Қайырымдылық акциясы аясында 73  адамға 393 500 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Ойшілік -ауылында 8 – наурыз мерекесінде 18 адамға 22 000 теңгенің сыйлығы жасалды 22 –наурызда 112 адамға 147 000 теңгенің дастарханы жайылып, басқа да көмек түрлері көрсетілді.  Қайырымдылық акциясы аясында 116  адамға 305 000 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Ақжар- ауылында 8-наурыз мейрамында « Асыл ана» атты әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің ұймдастыруымен онда 7 әлеуметтік қызметкер және қызмет алушы апалармен қатысып әр түрлі номинацияларға ие болды. 30 000 теңгенің сыйлығы беріліп 50 адамға 46 000 теңгенің дастарханы жайылды. 22  наурызда 150 адамға 200 000 теңгенің дастарханы жайылды. Қайырымдылық акциясы аясында 345  адамға 1 212 700 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Тұғыл ауылында - «Анаға тағзым» атты мерекелік концерт орталық мәдениет үйінде өтіп 22 адамға 25 000 теңгенің сыйлығы берілді. 22 наурыз қош келдің  «Әз-наурыз» атты мерекелік іс-шара өтіп 65 адамға 150 000 теңгенің дастарханы жайылды. Қайырымдылық акциясы аясында 174  адамға 528 100 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Қабанбай- ауылдық округі 8-наурыз мерекесіне  «Менің анам алтын» атты мерекелік шара 35 адамға 50 000 теңгенің сыйлығы берілді. 22-наурыз  «Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізіліп 70 адамға 95 000 теңгенің дастарханы жайылды. Қайырымдылық акциясы аясында 131  адамға 445 400 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Қарасу ауылы 8-наурыз  «Аналарды аялайық» атты мерекелік коцертке шақырылып 16 адамға 46 000 теңгенің сыйлығы берілді. 22-наурыз 32 адамға 55 900 теңгенің дастарханы жайылды. Қайырымдылық акциясы аясында 249  адамға 388 000 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Жетіарал ауылы 8-наурыз 9 адамға 18 000 теңгенің сыйлығы берілді. 22-наурыз 70 адамға 20 000 теңгенің дастарханы жайылды. Қайырымдылық акциясы аясында 119  адамға 355 800 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Құйған ауылы 8-наурыз  «Әйел-ана, әйел-жар» атты мерекелік іс-шара өтіп 25 адамға 50 000 теңгенің дастарханы жайылды. 22-наурызда ауыл халқына наурыз көже беріліп, 10 адамға 50 000 теңгенің дастарханы жайылды. Қайырымдылық акциясы аясында 217  адамға 326 000 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Маңырақ ауылында 8-наурызда 10 адамға 22 500 теңгенің сыйлығы берілді. «22-наурыз Ұлыстың Ұлы» күні  мерекесіне 100 адамға 40 000 теңгенің дастарханы жайылды. Қайырымдылық акциясы аясында 144  адамға  325 000 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Жаңаауыл ауылы 8-наурызда 40 адамға 45 000 теңгенің сыйлығы берілді. 22 наурыз 200 адамға 75 000 теңгенің дастарханы жайылды. Қайырымдылық акциясы аясында 46  адамға 125 000 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Тарбағатай ауданы бойынша  8 – наурыз  мейрамында 582 адамға 831 200 теңгенің көмегі көрсетілсе, 22- наурызда 1995 адамға 3 036 400 теңгенің көмектері көрсетілді. Қайырымдылық акциясы бойынша 2 641  адамға  6 732 100 теңгенің көмегі көрсетілді. Жиыны  5 218 адамға 10 599 700 теңгенің көмегі көрсетілді.
    Жекеленген санаттағы азаматтарды материлдық қолдау
    2015 жылы   мемлекеттік атаулы көмекке  17335 мың теңге бөлінді. Жыл басынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін 117 отбасы, 451 адам жүгінді. Жәрдемақы барлығы 9040.0 мың теңге тағайындалып, төленді. Жәрдемақының орташа мөлшері 2862,9 теңге.
    2015 жылы 18 жасқа дейін мемлекеттік балалар жәрдемақысына 122389,0 мың теңге бөлінді. Жыл басынан мемлекеттік мелекеттік балалар жәрдемақысына 2273 отбасының 6183 балаға 70307,5  мың теңге тағайындалып, 61992,8 мың теңге төленді. Жәрдемақының орташа мөлшері  1895,5 теңге.төленді.
    Табысы аз отбасылардан шыққан балаларды облыстың жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін 19712,0 мың теңге бөлінді.

    Жыл басынан Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы үшін  барлығы 8 адамның іс макеттері  МЗТО-на жіберілді.
    Әлеуметтік төлемдер
    Тарбағатай ауданында ҰОС қатысқан – 4 адам, екінші рет некеге отырмаған қайтыс болған ҰОС  қатысушылардың жесірлерінен 20 адам тұрады. Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысқандарға теңестірілгендер   50 адам. Мүгедектер саны 1846 адам, оның ішінде I-126 адам, II-852 адам, III-топ 716 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар 152 ,тыл еңбеккерлері -422 адам.
     Тарбағатай ауданына көшіп келген оралмандар-316 отбасы, яғни 1490 адам тұрып жатыр.
    Халықты әлеуметтік қорғау- Әлеуметтік қамсыздандыру
    Атаулы әлеуметтік көмек. Берудің түсінігі және реті. Атаулы әлеуметтік көмек деген не  және ол кімге беріледі?
    Атаулы әлеуметтік көмек – бұл кедейлік шегінен төмен айлық орта табысымен тұлғаларға (жанұяларға) мемлекет беретін ақша түрінде төлем.
    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдесіндегі № 246 ҚР Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға кедейлік шегінен аспайтын орта жанды кірісі бар отбасылары, Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, шетелдіктер, тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғалар және тұрақты Қзақстан Республикасында тұратын азаматтар құқылы.
    Кімге атаулы әлеуметтік көмек беріледі?
    Жан басына шаққандағы табыстары кедейлік шегіннен (белгіленген мерзімде) төмен тұратын отбасылар.
    Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау шарттары?
    Бір айдан артық стационарлық емделуде жүрген мүгедектерге және оқушылар мен студенттерге, күндізгі оқу бөлімінің тыңдаушыларына, соның ішінде магистратура мен аспирантура, сондай-ақ 1 және 2 топ мүгедектерін, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтетін азаматтарға тағайындалады.

    Кімнің атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы жоқ?
    Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздар. Ұсынылған жұмыстан себепсіз бас тартқан жұмыссыздар немесе өз бетімен қоғамдық жұмыстарда, оқу мен қайта оқуда қатыспай қойған адамдар алты айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.
     
    Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?
    1.  Өтініш берушінің жеке әлеуметтік кодтың көрсетілген арнайы нұсқадагы өтініші
    2.  Жеке куәлік (тоқсан сайын)
    3.  Жанұяның табысы туралы анықтама – еңбекақы, жәрдемақы, алименттер және басқа (тоқсан сайын)
    4.  Жұмыссыз ретінде тіркенлген тұлғалар үшін жұмыспен қамту органнан анықтама (тоқсан сайын)
    5.  Ата – аналардың іздестіру туралы анықтама (тоқсан сайын)
    6.  Балалардың тууы туралы куәлік
    7.  Балаларға жалғыз ана болса № 4 формалық анықтама
    8.  Жоғары, орта оқу орындарында оқып жүрген балаларға оқу орыннан анықтама
    9.  Жеке қосалқы шаруашылық бары туралы мәлімет (тоқсан сайын)
    10. Отбасы құрамы туралы мәлімет (жаңа үй кітапшасы) (тоқсан сайын)
    11. Тұрғынды жалға алған шартты бар, тұрғынға құқығы бар құжат.
     
    Тұрғын үй көмегі
    Тұрғын үй көмегі халыққа атаулы әлеуметтік көмектің формалардың біреуі боп табылады, осы жерде өнебойы тұратын жанұяларға (азаматтарға) беріледі.
    «Тұрмыстық қатынастар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі.
    Тұрғын үй көмегін тағайындау шарттары?
    Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгері) болап табылатын тұрмысы төмен отбасыларына беріледі. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау ақы төлеу нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
    Тұрғын үй көмегін алуға кім құқылы?
    Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту бөлімінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, оның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші,2-ші топтағы мүгедектерді күтетін тұлғалар, 16 жасқа дейінгі мүгедек- балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 9 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатын тұлғалар, 18 жасқа дейін 4 және одан көп балаларды тәрбиелеумен айналасқандар алады.
    Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?
    1. Төлқұжат немесе жеке басының куәлігі
    2. Тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат
    3. Азаматтарды тіркеу кітабы
    4. Еңбек қызметті дәлелдеу құжаттары
    5. Отбасы табыстары және басқа да мәлімделген табыстар туралы анықтама (талаптану алдындағы тоқсанға) – еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы, алимент және т.б.(тоқсан сайын) 
    7. Барлық коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеу туралы түбіртек

    Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы. Беру түсінігі және тәртібі. Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы деген не және кімге ұсынылады?
    2006 жылғы 1 қаңтарынан жұмысқа еңгізілген № 63 2005 жылғы 28 маусымнан «Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР Заңына сәйкес.
    Жанұяның орта табысы шаруашылық себет бағасынан төмен болған кезде он сегіз жасқа дейін балалар жанұяның асырауында болған балаларға жәрдемақы әрқайсысына тағайындалады.
    Жанұяның табыс жиынын есептегенде оның құрамында тек қана ата-аналар (бала асырушы) және олардың асырауында болған он сегіз жасқа дейіңгі балалар.
    Балаларға жәрдемақы бір айлық есеп көрсеткіш өлшемінде белгіленген.
    Балалары бар жанұяларға жәрдемақыны тағайындау үшін қандай жағдайлар бар?
    Баланың еңбекке жарамды ата-анасы (бала асырушы) жұмыс істегенде, күндізгі формасы бойынша оқығанда, әскерде қызмет еткенде және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген жанұяларға жәрдемақы тағайындалады. 1 немесе 2 топ мүгедектерді, мүгедек балаларды, он сегіз жастан асқан тұлғаларды, үш жасқа дейін балаларды ата-ана (бала асырушылар) күтумен айналасқанда.
    Балалары бар жанұяларға жәрдемақыны тағайындау үшін кімнің құқығы жоқ?
    Егер жанұяда оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында тіркелмеген, жұмысқа жарамды жұмыссыз тұлғалар бар болса.
    Балалары бар жанұяларға жәрдемақыны тағайындау үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?
    Арнайы үлгідегі мәлімдеме (тоқсан сайын);
    Баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі (жылына бір рет)
    Мәлімдеме берушінің жеке куәліктің көшірмесі (жылына бір рет); Жанұяның тұратын орны және құрамын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі (жылына бір рет);
    Жанұяның табысы туралы анықтама – еңбекақы, жәрдемақы, алименттер және т.б. (тоқсан сайын);
    Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар үшін жұмыспен қамту органнан анықтама (тоқсан сайын);
    Ата – ананың іздестіру туралы анықтама  (тоқсан сайын);
    Үйде тәрбиеленген және оқыған мүгедек балаларға материалдық көмек
    «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» 13.04.2005 жылғы  ҚР Заңына  және 2002 жылғы 11 маусымнан « Мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық – педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сәйкес үйде тәрбиеленген және оқыған мүгедек балаларға материалдық көмек төлемі жүргізіледі, Аягөздің балалар медициналоық- әлеуметік мекемеде баланы айлық асырау құны сомасында төленеді.
    Материалдық көмектің тағайындау шарты.
    Медициналық-педагогикалық комиссиямен және МСЭК анықтамамен берілетін анықтаманы көрсеткенде материалдық көмек тағайындалады.
    Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы. Беру түсінігі және тәртібі. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы деген не?
    Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» 13.04.2005 жылғы № 39-III ҚР Заңына сәйкес Мүгедектерді медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалту бойынша іс-шаралардың кепілдік берілген тізбесі

     

    Парақтар өзгертілді: 21-01-2016