Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Әлеуметтік сала
  • Әлеуметтік сала

    "Өрлеу" жобасы

    Ауданда «Өрлеу» жобасы жүзеге асырылуда

    Ауданда «Өрлеу»- отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру келісім шарты негізінде аз қамтамасыз етілген отбасыға шартты ақшалай көмек енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылуда. 
    2014 жылы бұл жобаға 162 отбасы 815 адам қамтылса, 2015 жылы 79 отбасы 409 адам қатысты.
    «Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
    Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы  № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының  және жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын өзге де бағдарламалардың шеңберінде көзделген іс-шаралар арқылы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді көздейді.
    Отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың жеке мұқтаждығына байланысты арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді.
    Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады
    Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

    1. отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма жергілікті бюджет қаражаты есебінен (025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасының 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы,  048 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасының 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша) қаржыландырылады;
    2. облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегі мен ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма  республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен (025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасының 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы, 048 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасының 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша) қаржыландырылады.

     
    ШАК алушылардың шоттарына төлемдер 025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасы және 048 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру» бюджеттік бағдарламасының екі кіші бағдарламасы бойынша бір мезгілде жүзеге асырылады.
    Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға өтініш білдірген айдың алдындағы үш айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
    Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
    ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
    ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын мүлік сатып алуға арналған шығындардан басқа, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға пайдаланылуға тиіс.
    11. Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне өтініш береді.
    12. Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткер өтініш білдірген күні оған «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді. Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысуға келісім берген жағдайда уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент әңгімелесу жүргізеді.
    13. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш пен орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
    1) жеке басын куәландыратын құжат;
    2) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
    3) отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
    4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
    5) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.
    14. Өтініш беруші өтініш білдірген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және (немесе) он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алушы болып табылған, сондай-ақ оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкін болған жағдайда, осы Қағидалардың 13-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. 
    2) отбасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын басқа да еңбекке қабілетті мүшелер болған кезде отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, өзге адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға күтім жасауды жүзеге асыруды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне ШАК алу үшін міндетті шарт болып табылады.
    Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ оны тағайындаған сәттен бұрын емес.
    ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және ай сайын төленеді.
    Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде  атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.

     

     

    Парақтар өзгертілді: 15-04-2016