Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • ТЖ
  • Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО ТЖД Тарбағатай ауданы Төтенше Жағдайлар бөлімінің 2018 жылғы 1 тоқсанға есебі

    1.Жұмыстың талаптары мен мазмұны

    Тарбағатай аудандық ТЖБ 2018 жылдың жұмыс жоспарына және Министірліктіің операциялық жоспар аясында және, Министірліктің коллегияларының алқа қаулыларында көрсетілген іс-шараларын орындалуын қамтамасыз етуде.
    Тарбағатай аудандық ТЖБ Министірліктің жүйелік потенциалының артуы, тәжірбиелік, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық, кешенді ұйымдастырушылық бағытта жұмыс атқарылуда.

    2. Төтенше жағдайларға қысқаша түрде салыстырмалы талдау.

    2018 жылдың  1-ші тоқсанында  Тарбағатай ауданының аумағында  төтенше жағдайлар оқиғалары тіркелген жоқ.Тарбағатай ауданы аумағында қазіргі таңда 15 өрт оқиғасы , 2 жану оқиғасы 1 АҚЖ тіркелді.

    3.Есеп беру кезеңінде бөлімнің ұйымдастыру және қызмет жағдайы.

    Қысқы уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақсуат- Аякөз, Ақсуат- Боғас бағытындағы авто көлік жолдары бақылауға алынды.
    Жылыту кезеңі басталуына байланысты ауданда орналасқан тіршілікті қамтамасыз ету нысандары және комуналдық қызмет көрсету нысандары бақылауға алынды.
    Қарғыба, Тебіске, Базар өзендерінің арналары мұз және қар кептелістерінен тазаланып ұдайы бақылауда ұсталынды. Қауіпсіздік паспорты және ауданның қауіп төнер каталогы негізінде қауіпті аймақтарға бақылау жұмыстары жүргізіліп отырды.
    Ұйымдар және мемлекеттік органдарда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік жұмыстары жүргізілді.
    Аудан ішіндегі арықтарды, авто жолдарды, төбе жаппаларын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілді.
    2017 жылдың 17 наурызында жұмыс тобымен: ШҚО ТЖД аға офицері , ШҚО бойынша жұмылдыру дайындығы бойынша басқармасының бас маманы,  ШҚО табиғи ресурстар мен табиғитты пайдалануды реттеу басқармасының әдіскері, «Казводхоз» РМК ШҚФ маманы, Тарбағатай ауданы әкімінің аппаратының ТЖ және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы және Тарбағатай аудандық ТЖБ және Тарбағатай аудандық әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп, аудандағы аса қауіпті орындар мен гидротехникалық құрылымдарға 2018 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындығы бойынша тексеру жүргізілді.
    Су тасқыны кезеңінде ТЖ болдырмау мақсатында Тарбағатай ауданының әкімімен 2017 жылдың 03 ақпанда «Су тасқынына қарсы 2017 жылдың көктем кезеңіне арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №36 қаулысы қабылданды. Осы Қаулыға сәйкес, ауылдық округ әкімдері мен аудан ұйымдары мен мекемелеріне тапсырмалар берілді. Әрбір ауылдық округте су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілген. ТЖ болған жағдайда шаруашылық нысандарымен техника бөлу, жеке құрам бөлу, азық-түлік бөлу бойынша келісімдер жасалған.
    Тарбағатай аудандық ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия жұмыс жоспары бар. Аудандық әкімдіктің жауапты мамандарынан құрылған кезекшілік кестесі бекітілген. Тарбағатай аудандық ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамын құлақтандыру сызбасы жетілдірілген.
    Тарбағатай ауданының бюджетінде  ЖЖМ қоры құрылған: 5 тонна бензин, 5 тонна дизельдік отын, 10 мың қап мөшек. Ауданның бюджетіндегі қаржы қоры 16 млн. теңгені құрайды, оның 6 млн. теңгесі ТЖ жоюға, 10 млн. теңгесі қажетті шығындарға.
    2017 жылдың 5 ақпанында Тарбағатай аудандық ТЖ комиссиясының отырысы өткізілді, күн тәртібінде селолық округ әкімдерінің 2018 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселесі қаралды.
    2017 жылдың 05 наурызынан 06 наурызы аралығында «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық жаттығуға қатысты.  «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық жаттығу өткізу аясында Тарбағатай аудандық ТЖБ қызметкерлерімен 2018 жылдың  02 наурызы  күні Тарбағатай  ауылында «Қандысу су жинағыш тоғандағы судың көтерілуі салдарынан болған төтенше жағдайларды жою және Тарбағатай  ауылында орналасқан су басу қаупі бар үйлерге көшіру жүргізу» тақырыбында ТАЖ өткізілді. Оқу-жаттығуға құрылымдардың 70 жеке құрамы мен 23 техника қатысты.
    Сонымен қатар, Тарбағатай аудандық ТЖБ қызметкерлерімен ұйым басшыларымен бірлесіп, 7 нысандық жаттығулар жүргізілді. 2018 жылдың 14 ақпаны күні ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ 59-ӨСБ қызметкерлері облыстық терроризмге қарсы оқу-семинарға қатысты.
    2018 жылдың 1-ші тоқсанында ТЖБ қызметкерлерімен 21 нысанға ӨТТ жүргізілді (оның ішінде ерекше тәртіппен – 21, басқа тексерулер -0). Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 14 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 204425 теңге көлемінде 14 айыппұл салынды.
    2018 жылдың 1-ші тоқсаныда Тарбағатай аудандық ТЖБ және 59 ӨСБ жеке құрамымен «Өрт қауіпсіздігі сенбіліктерін» өткізе отырып, тұрғын секторында адам өлімі мен өрттерді болдырмау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.
    2018 жж. 1 ші тоқсанында  өрт қауіпсіздігі сенбіліктері өткізілді. 10519 адамды қамти отырып, 3915 жадынама таратылды. Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі тәртібін бақылау кезінде, ТЖБ қызметкерлері тұрғындарға жадынама таратып, ӨҚЕ түсіндіріп, өртке қарсы нұсқаулықтар жүргізді. Тарбағатай ауданының «Тарбағатай» газеттеріне өрт қауіпсіздігі және ТЖ тақырыптарында 3 мақала жарияланды.
    Аудандағы әр түрлі билік өкілдеріне, ұйым басшыларына 7 ақпарат ұсынылды.
    Көкшетау техникалық институтына оқушыларды жинақтау, жастарды кәсіби көзқарастарын реттеу, ақпараттандыруды қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың қазан айынан бастап Тарбағатай ауданында КТИ түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Мектеп түлектерімен, 9-10 сынып оқушыларымен 13 мектепте  212 және 1 колледжде 18 баланы қамти отырып үгіт-насихат жұмысы жүргізілді. Жұмыс барысында 230 балаға анкета жүргізілді. КТИ түсу бойынша 82 үгіт парағы таратылды. 17 оқушыны қамти отырып, 1 ашық есік күні өткізілді.
    . ШҚО ТЖД және Тарбағатай ауданы әкімінің сайтына жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат жолданды.

    4.Бөлімнің тапсырмалары мен функцияларының толық түрде орындалуы.

    Тарбағатай ауданы ТЖБ ережелеріне сәйкес және ТЖБ  жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылы жоспарланған 49 шараның 8 толық көлемде орындалды.

    5.Материалды техникалық базаның дамуы

    Тарбағатай ауданы ТЖБ локальді жүйелер  арқылы АРМ ЕУОЛ және АРМ ЕУС базаларына қосылған.
    Қызмет атқару  барысын жақсарту мақсатында №59 ӨСБ,Тұғыл ӨП,Ақжар Өрт сөндіру Постарына 2018 жылдың 1-ші тоқсанында төмендегідей жұмыстар атқарылды: сынып бөлмелеріне және терезе жақтауларына ағымдағы жұмыстар жүргізілді, тоқ көздерінің түп нұсқасы ауыстырылды, дәліздегі құрылыс жұмыстары бітті. Сынып бөлмелеріне көрнекі құралдарды жаңарту жұмыстары жүргізілді.
    6.Қызметкерлермен басқару жұмыстары.

    Тарбағатай ТЖБ-де 4 қызметкер жұмыс істейді:
    -ТЖБ бастығы;
    -ТЖБ бас маманы;
    -ТЖБ аға инженері;
    -анықтаушының функционалдық міндеттері жүктелген ТЖБ инженері;
    Екі қызметкердің арнайы- жоғарғы білімдері бар:
    -ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Сағатбеков;
    -ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры А.Е. Бошаев;
    Тарбағатай ауданының ТЖБ-де жемқорлыққа қарсы екендігі мәлім. ҚР Президентінің 06.11.2008 жылы жемқорлыққа қарсы форумында тапсырмалары негізінде бөлімде ШҚО ТЖД-ның және ҚР ТЖМ-ның «сенім телефондары» ілінген. «сенім телефондары» аудандық газеттерде жарияланған.
    Бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізіледі.
    Салық қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Заң актілеріне түсіндірме сабақтары өткізіліп, 2017 жылғы кіріс декларациясы туралы сабақтар өткізілді.

    7.Бөлімшенің қызмет іс-шараларын жаңғырту.
    ТЖБ құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспары тәлімгерлік нұсқауларға, ҚР ТЖМ шұғыл жоспары, ШҚО ТЖД жұмыс жоспарына сәйкес жасалады.
    Қызмет ету бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарды, мекемелерді, ұйымдарды ақпараттандыру

    Р/к № Ақпарат тақырыбы Кімге жолданды, аты-жөні, лауазымы Жолданған мерзімі, шығыс нөмірі Қабылданған шешім
    1 Елді мекендерді су басу қаупі туралы Тарбағатай  аудандық селолық округтерінің әкімдеріне Шығыс №29-20-7-35/25 22.01.2018 ж. Су тасқыны қаупі кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырылды
    2 Елді мекендерді су басу қаупі туралы Тарба5атай ауданы прокуратурасы Шығыс №29-20-7-35/100  12.03.2018 ж.  
    3 Дала өрттерінің алдын алу шаралары туралы Тарбағатай ауданының жол қызметі басшыларына 29-20-7-35/104
    15/03/2018ж
     
    Парақтар өзгертілді: 23-04-2018