Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • ТЖ
  • ТЖБ ескертеді

    kn2 Өткелдердің құрылысы, мазмұны мен оларды пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары

    kn2 ҚР ТЖМ ШҚО Тарбағатай ауданының ТЖЖ бөлімі Жер сілкінісі қауіпі және  туындаған кезінде халыққа жадынама

    kn2 Жағажайларды және су жағасындағы көпшілік демалатын орындарды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары

    kn2 Жағажайлар және су жағасында көпшiлiктiң демалуы үшiн бөлiнген орындар төмендегi қойылатын талаптарға жауап беруi қажет.
    - суға шомылатын орынның және оған тақау төңiректiң жағалау аумағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келiп, сазды және ластанған болмауы қажет;
    - су обьектiсiнiң түбі тығыз, жағадан бастап бiрте-бiрте еңiс тарта беретiн болуы, 1,75 м тереңдiкке дейiн және жағадан бастап есептегенде ең кемi 15 м белдеуде құламасыз, жарғабақсыз болып келуi, шырмауықты су өсiмдiктерiнен, ағаш түбiртегi, таскесек, шыны, құты және өзге заттардан таза болуы тиiс, теңiз бен өзеннiң суға шомылатын айдын бетi бiр шомылушы адамға 5 шаршы м., ал тұйық суда бұл аудан 2 - 3 есе көбейтiлуi қажет;
    - жағажайлар мен көпшiлiк демалатын орындар жергiлiктi өкiмет органдары белгiлеген қашықтықта, бiрақ ақаба сулар құйылатын тұстан кемi 500 м жоғары және порт ғимараттарынан, кеме тоқтайтын жерлерден, пирстерден, мұнай өнiмдерi сақталатын орындардан және т.б. кемi 100 м төмен орналасуы керек;
    - шомылуға бөлiнген орындар, су жағасы бойынша айдын шекарасы көрсетiлген орындарда  арнайы таңбалармен белгiленуi қажет;
    - шұғыл құлама түбі бар орындарда, судың кесiндiсiнен 5 - 10 м жерде, арнайы белгi орнатылуы қажет;
    - су нысанының шомылуға бөлiнген бөлiгiнде төмен температуралы жер асты су көздерi, су иiрiмдерi мен шұңқырлар болмауы керек, бұл тұстардағы ағынның жылдамдығы секундына 0,5 м-ден аспауы тиiс, ағын жылдамдығы жоғары жерлерде оны бәсеңдететiн қосымша құралдар қондырылуы керек;
    - жыл сайын суға түсу маусымы алдында шомылуға арналған су айдынының түбін тексерiп шығып тазарту керек. Су түбін тексеру және тазарту   бойынша сүңгуірлік жұмыстарын ұйымдастыру жағажай иегерi немесе су қоймасы бекiтiлген кәсiпорындардың мiндетiне кiредi.

    kn2 Суға шомылатын орынның 1,2-1,3 м тереңдiгiнде су өлшейтiн шыбық шаншылады. Суға шомылатын орынның жүзу шекаралары бiр-бiрiнен 25 - 30м қашықтықта және тереңдiгi 1,3 м болатын тұстан әрi 25 метрге дейiнгi жерде орналасатын сарғылтым түстi белгiлермен белгiленедi. Жүзу шекарасы кеме жолына енбеуi тиiс.

    kn2 Әр жағажайдағы суға шомылатын орында жүзу бiлмейтiндер үшiн, шомылуға арналған тереңдiгi 1,2 м аспайтын айдын бет учаскелерi жасалады. Аталған учаскелер темiр арқанға бекiтiлген желiсiмен бөлiнедi немесе арнаулы қоршаумен қоршалады.
    Жағажайларда және суға шомылатын орындарда суға секiретiн учаскелер жабдықталуы мүмкiн. Мұндай учаскелер айдынның суға  қауiпсiз сүңгуге мүмкiндiк беретiн тереңдетiлген жағасы бар табиғи орындардан таңдап алынады. Ондай орындар болмаған жағдайда, сүңгудi қауiпсiз ететiн, судың терең жерiне дейiн жететiндей ағаш көпiршелер немесе салдар орнатылады. Суға секiруге арналған учаскелерiнде су айдынының түбі мұқият зерттелiп және қауiптi көлденең заттардан тазартылуы керек. Суға секiруге арналған учаскелер шамамен жалпы суға шомылатын орыннан бiраз алшақ жерде құрылады немесе тым болмаса, оның бiр жағында орналастырылады.

    kn2 Суға секiретiн қауiптi орындар осы нұсқаулыққа сәйкес арнайы белгiлермен қоршалуы қажет.
    Суға түсуге тыйым салынған орындарда осы нұсқаулыққа сәйкес «Суға түсуге болмайды» деп жазылған белгiлер орнатылуы қажет.
    Жағажай аумағы жақсылап жазықталып қоршалуы қажет, жаңбыр суының ағуына жағдай жасалуы керек. Жағажай аумағы оңаша ерлерге, әйелдерге арналған және жалпы учаскелерге бөлiнуi мүмкiн. Жағажайларға және суға шомылу орындарына түсу қиясы жатық болуы қажет, сонда әрбiр суға түсушi адамға жағажайда кем дегенде 2 шаршы метр ауданнан, ал шомылатын су айдынының кем дегенде 3 шаршы метрi келуі керек.
    Шомылатын су айдынының қоршаулары берiк бекiтiлуi қажет және жағамен көпiрше немесе басқыштармен қосылуы керек, суға түсетiн сатылар жайлы да және сүйенiшi бар болуы тиiстi.

    kn2 Жаға аумағынан алшақ тұрған шомылатын су айдынының қоршауларында қараңғы түскенде кем дегенде 2 м биiктікте кемелер жүретiн жақтан анық көрiнетiн ашық түстi шеңберлi жарық жағылуы қажет.
    Жағажайлар мен су маңындағы демалыс орындарына, әдетте, радио жүргiзiлуi және оларда мүмкiндiкке қарай телефон байланысы болуы, қалалық көлiкпен қызмет көрсетiлуi керек.

    kn2 Су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда спирттiк iшiмдiктердi сату барынша шектеледі.
    Жағада ұйымдасқан шомылу орындарында, әр 50 м сайын судан 5 м аспайтын жерлерде құтқарғыш дөңгелектер мен өзге құтқару құралдары iлiнген қалқандар қойылады. Дөңгелектің бiр бетiнде «Суға батушыға лақтыр» деген жазу және келесі бетінде  жағажайдың (демалыс базасының) аты  жазылуы керек.

    kn2 Жағажайларда және су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда мiндеттi түрде алғашқы жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсету үшiн кезекшi қызметкерлерi бар үй-жай жабдықталады. Алғашқы дәрiгерлiк жәрдем пунктi суда апатқа ұшырап, жарақат алғандарға жәрдем көрсетуге қажет құралдармен, дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуi тиiс.

    kn2 Әрбiр жағажайда және су маңындағы көпшiлiк орындарда кездейсоқ жағдайларды ескерту мен суда зардаптанушыларға жедел көмек көрсету үшiн жағажай иесі немесе осы су қоймасы бекiтiлген ұйымдар өз есебiнен ведомстволық құтқару күзеттерiн шығарады, құтқару iсiн жетiк игерген құтқарушы-кемешілердің тұрақты кезекшiлiгiн ұйымдастырады.

    kn2 Күзет ведомстволық құтқару күзеттерiн жабдықтау мен құтқару Ережелерiне сәйкес ұйымдастырылуы және жинақталуы қажет.
    Қалалық және аудандық әкімшіліктер өкімімен жағажайларда және су маңындағы демалыс орындарында судағы қауiпсiздiкті сақтау үшiн құқық қорғау органдарының патрульдік  қызметі ұйымдастырылады.
    Көпшiлiк суға түсетiн орындарда, жағажайларда, демалыс базалары мен жүзу әуiттерiнде қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған мағлұматтары бар стендiлер көрнекi жерлерге жабдықталып қойылады.

    kn2 Стендтерде төмендегiлер:
    - «Жүзудi үйрен», «Судағы құтқару әдiстерi» т.б. плакаттар;
    - күн астындағы ваннаны қабылдау әдiстерi мен тәртiбi туралы демалушыларға кеңес;
    - жел бағыты мен күшiн, су ағыны жылдамдығын су мен ауа температурасын көрсететiн тақтайша;
    - жақын жерде орналасқан құтқару станциясы мен полиция мекен-жайы және олардың телефон нөмiрлерiнiң көрсеткiштерi;
    - жағажай аумағы мен су айдынының үлкен тереңдіктері мен қауiптi орындарын бейнелейтiн сызбалық  кескiнi;
    - жүзу сабақтары, жаттығулар, жарыстар кестелерi, оған қатысушылар мен судағы қауiпсiздiкке жауапты адамдардың тiзiмi көрсетiлуi қажет.
    Суға түсетiн орындарда және ағыстан 500 м жоғары тұстарда кiр жууға, аң-құс шомылдыруға тыйым салынады. Аң-құс шомылдыруға бөлiнген орындар осы нұсқаулыққа сәйкес су айдыны шекарасының жағасы бойынша орналасқан белгiлерiмен көрсетiлуi қажет.
    Су маңындағы көпшiлiк демалыс орындарында терi ауруы бар, мас күйiндегi және шомылатын костюмсiз немесе iш киiмсiз адамдарға суға түсуге тыйым салынады.

    kn2 Суға түсушiлерге:
    - белгiнiң және қоршаудың сыртына жүзiп шығып кетуге;
    - моторлы, желкендi және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерге, ескектi қайықтарға жақындап жүзуге;
    - қайықтан, катерден, тұрақ және арнайы жабдықталмаған жерлерден суға секiруге;
    - су қоймаларын ластауға, қоқсытуға;
    - спирттiк iшiмдiктердi iшуге;
    - жағажайға ит және басқа да жануарларды әкелуге;
    - жағажайда және гардеробта қағаз, құты, шыны және өзге қоқыстарды қалдыруға;
    - суда сүңгiп, шомылушыларды тартып әкететiн ойын ойнауға;
    - жалған дабыл соғып, айғайлауға;
    - тақтаймен, бөренемен, жатпамен, автокөліктің доңғалағының резеңкесiмен жүзуге;
    - мас күйiнде, нашамен мастану кезінде суға түсiп, шомылуға тыйым салынады.
    Биiктiгi 3 м және одан да жоғары суға секiретiн мұнаралар алаңшасына шығу нұсқаушы (бапкер) рұқсатымен және оның көзiнше жүргiзiледi.

    kn2 Газ пайдалану ережелерін біліңіз және дәл орындаңыз!
    kn2 Газдың шығуына себеп:

    • Оттықтағы жалынға сұйықтың құйылуынан және желдің үрлеуінен сөнуі
    • Жалғастырушы түтіктің ақаулары мен механикалық зақымдардан
    • Редуктордың бұрандалы жалғастырушыларының тығыз қабыспауынан

    kn2 Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін

    • Газ жабдықтарының ақауларын өзіңіз жөндемеңіз!
    • Құралдардан қатерлі ұшқын шығуы мүмкін.
    • Газ құбырына кір ілетін жіпті байламаңыз.
    • Газ жабдықтарын жұмыс істеп тұрғанда, әсіресе, оған балалардың қолдары жететін жағдайда, қараусыз қалдырмаңыз.
    • Газ ошағын бөлме жылыту үшін пайдаланбаңыз: газдың толық жануы адам ағзасын уландырады.
    • Газ ошағына баллонды 0,5 м –ден жақын орналастырмаңыз.
    • Баллонды жылу жүйесіне, ошаққа 1 м –ден жақын орнатпаңыз.

    Есіңізде сақтаңыз!

    kn2 Табиғи газ жүйесіне газ баллонды жалғауға болмайды. Көп қабатты үйлерде газ баллонын пайдалануға болмайды.
    kn2 Егер сіз газдың иісін сезсеңіз:

    • От жақпаңыз.
    • Ешқандай электр құралдарын қоспаңыз және өшірмеңіз
    • Газ шүмегін жабыңыз.
    • Апат қызметін шақырыңыз.
    • Газ шыққан жерді сабын көбігінің көпіршіктері арқылы анықтауға болады.

    kn2 Жедел жәрдем қызметінің мына телефон номерлерін есіңізде сақтаңыз:
    101, 112 - Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі
    102 – Ішкі істер қызметі
    103 – Жедел жәрдем қызметі
    109, 118  – Жергілікті телефон байланысының анықтамалық қызметі

    • Газдың иісі пайда болса 04-телефонына қоңырау шалыңыз.
    • Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, содан соң ғана шүмекті ашыңыз.

    kn2 Тұрғындарға жадынама: Найзағай кезінде өзінді қалай ұстау керек

    kn2 Егер сіз үйде болсаңыз
    Терезелерді, есіктерді, түтін шыққыштарды жабыңыз, ауа айдағышты өшіріңіз.
    Найзағай кезінде пешті жақпаңыз.
    Электр өткізгіштерінен, антенналардан, терезелерден, есіктерден және сыртқы ортамен қатынасы бар басқа заттардан әрірек тұрыңыз.
    Электрқұралдары, соның ішінде теледидарды, компьютерді, радиоқабылдағышты, магнитофонды және т.б. қолданбаңыз, оларды желіден өшіріп тастаңыз.

    kn2 Егер сіз көшеде болсаңыз (далада)
    Мүмкіндігінше жайбұрғышпен қорғалған ғимаратқа (панаға) тығылыңыз.
    Жалғыз ағаштың астына, кішкене сарайларға тығылмаңыз.
    Металды немесе тор көзді қоршаулардың, ірі металл нысандардың, дымқыл қабырғалардың, жайбұрғышты жерге тұйықтағыштардың жанында болмаңыз.

    kn2 Егер сіз орманда болсаңыз (демалыста)
    Аласа өскен ағаштардың астын паналаңыз.
    Қарағайлардың, емендердің, ақтеректердің және бұрын найзағаймен зақымданған ағаштардың астына тығылмаңыз.
    Суда және тоғанда болмаңыз.
    Тауда тау қырларынан, өткір үстіртті жартастардан және шыңдардан әрірек тұрыңыз. Мүмкіндігінше төмен түсуге тырысыңыз. Металдан жасалған заттарды дорбаңызға жинаңыз және жіппен өз тұрған орныңыздан ылдимен төмен 20-30 метрге түсіріңіз.
    Найзағай кезінде далада спортпен шұғылданбаңыз, велосипед немесе мотоцикл теппеңіз және олардан 30 метр қашықтықта тұрып найзағайдың басылуын күтіңіз.
    Егер сіз автокөлікте жүріп келе жатсаңыз одан шықпаңыз, найзағай аяқталғанға дейін тоқтап тұрыңыз.
    Шар тәріздес найзағай кезінде мүмкіндігінше сабырлық сақтауға тырысыңыз, қозғалмаңыз, оған бірдеңемен сүйкенбеңіз, қашпаңыз.

    kn2 Тарбағатай  ауданының ТЖБ тұрғындарға мұз үстіндегі сақтық шаралары туралы ұсыныстары

    Қыс көп рақатқа дәмелендіреді! Бірақта, қайғылы оқиғаны болдырмау үшін, жай ғана бірақ, міндетті ақыл - кеңестерді қатаң орындап, мұзда сақ керек.
    Мұзда өзін-өзі ұстау ережелері:
    1. Қатпаған жұқа мұзға шықпаңыз. Қалыңдығы 7-8 см. мұз – бір адамды; 15 см- кішкене топты; 25 см.- жеңіл автокөлікті көтере алады.
    2. Жеке мұз бөлшектерінде топпен жиналмаңыз, әсіресе қырбақ қармен жабылып қалғанда және жылымық уақытында (бетінде су болғанда мұздың мықтылығы екі есеге азаяды).
    3. Мұздағы шұқанақтарға, жарықшақтарға, ойықтарға жақындамаңыз.
    4. Жұқа мұзға тікше жағалардан секіруге және шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанауға болмайды.
    5. Сутоғандағы мұздан рұқсат етілмеген жерлерден жүрмеңіз.
    6. Аяқпен мұзды тесуге болмайды.
    7. Мұзға тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде шықпаңыз.
    8. Мұзға мотоциклмен, автомобильмен және басқа көлік түрлерімен өткелдің тысқары жерлерімен шықпаңыз.
    Зардап шеккенге көмек көрсете тұрып, есте сақтаңыз:
    - мұздағы сынық жерлерге тұрып жақындамаңыз, ішіңізбен жан-жаққа созылған аяқ - қолдарыңызбен еңбектеп жақындаңыз, әйтпесе өзіңіздің мұздың астына түсіп кету қауіпіңіз бар;
    - егер сіздің қол астыңызда тақтай, сырық немесе багор болса, оны өзіңіздің алдыңызға итеріңіз және зардап шеккенге ойылымнан 3-5 метр әрірек беріңіз. Бақытсыздыққа ұшыраған адам өзіне берілген затты ұстағаннан кейін, оны еңбектей жағаға немесе мықты мұзға тартыңыз.
    Суға түсіп кетсеңіз сабырлық сақтауға тырысыңыз, тырбаңдамаңыз, мұз шетіне кеудеңізбен қолдарыңызды алдыға соза сүйенуге тырысыңыз және өздігіңізден мұзға шығыңыз. Бірінші бір аяғыңызды, сонан соң екінші аяғыңызды алып шығыңыз. Аунап түсіңіз, содан соң құлаған ойықтан әрірек еңбектеп кетіңіз. Бір мезгілде көмекке шақырыңыз.
    Есте сақтаңыз, әсіресе мұз көктемде және күзде қауіпті.
    Мұз үстіндегі  қауіпсіздіктің басты ережесі: оның сенімділігі мен мықтылығына нақты көз жеткізбей, оны басуға болмайды!

    kn2 Сақ болыңыздар: Кенелер!

    Кенелер - кене энцефалиті мен кенелік боррелиоз (Лайма ауруы) вирусының көзі және тасымалдаушылары.
    Вирустық энцефалит – орталық нерв жүйесін зақымдаумен сал, парез, делбе (кейде өлімге әкеп соқтырады) ауруына әкеп соқтыратын және уланумен, қалтыраумен сипатталатын қауіпті инфекциялық ауру. Кейде ауру жеңіл және білінбейтін түрде болады. Дене қызуы, бас ауруы, науқастану белгілері болуы мүмкін.
    Лайма ауруы (кенелік боррелиоз) бірінші 4-5 апталықта науқастанумен, қалтыраумен, бұлшық еттердің ауруымен білінеді. Кененің жабысқан орнында білікшеше оралған қызару пайда болады және келе-келе мөлшері ұлғая береді (60 мм-ге дейін). Одан әрі неврологиялық (менингит, энцефалит, миелит) және жүрек-қандық (миокардит) шиеленісулері дамиды.
    Табиғаттағы энцефалиттің көзі- кемірушілер, жәндік улы сүтқоректілер, құстардың жеке түрлері. Вирус ешкінің, сиырдың, қойдың сүттеріне түсуі мүмкін.
    Адамға вирус кененің шағуы арқылы, жабысқан кенені сыққанда және сүрткен кезде, шикі сүтті ішкен кезде тарайды. Кене энцефалитінің вирусы адамнан адамға тарамайды!
    Вирус кенеде өмір бойы сақталады (2-4 жыл), ұрпақтан ұрпаққа тарауы оны «табиғи резервуар» инфекциясы етеді.
    Кене энцефалитетінің инкубациялық кезеңі 1,5-2 аптаны, кейде 3 аптаны құрайды. Бұл шағу сипатымен түсіндіріледі - кене неғұрлым көбірек сорып жабысып тұрса, соғұрлым денеге вирус көп кіреді және ауру тез дамиды.

    kn2 Есте сақтаңыз!
    1. Орманға жорыққа шығар алдында өзіңізді кененің шағуынан қорғаңыз: жеңіңізді түймелеңіз, шалбарыңыздың балағын шұлыққа және аяқ-киімге тығыңыз. Киімнің ашық түсті болғаны өте жақсы, өйткені кенені тез таба аласыз;
    2. Өзіңізді әрбір 15-20 минут сайын қараңыз. Кене бірден жабысып сормайды. Біріншіден ол киімге жабысады да, «тамақ» үшін орын іздеп жоғары өрмелейді;
    3. Кенені үркітетін және өлтіретін химиялық қорғаныс құралдарын (аэрозольдарды, арнайы қарындаштарды) елемей қоймаңыз. Оларды шеңберлі жолақтармен буындарыңызға, тізелеріңізге, бөксеңізге, беліңізге, жағаңызға жағыңыз;
    4. Төмен өскен бұталардың астынан жүрмеңіз. Тұрақ және түнеу үшін, құмды топырағы мен қарағайлары бар биік шөптері жоқ жерді таңдап алыңыз. Кенелер, әртүрлі ой-пікірлерге қарамастан, ешқашан ағаштан басқа түспейді және бір метрден жоғары биіктікке көтерілмейді.
    5. Кене бірнеше күннен кейін де шағуы мүмкін. Үйге келген соң, киіміңізді, өзіңізді және жақындарыңызды, үй жануарларын, гүл шоқтарын мұқият қарап шығыңыз.
    6. Шикі сүтті ішпеңіз. Сүтті қайнатқанда вирус өліп қалады.
    7. Үй жануарларында кенені байқағанда, оны алып тастау, ал жануарыңызды ветеринарға көрсету керек.

    kn2 Шұғыл шаралар:

    Жабысып тұрған кенені байқаған кезде оны бірден алып тастауға тырысыңыз, өйткені ол тері талшықтарын ашады да, сілекейінде қатырғыш зат болғандықтан жабысып әрі қарай біртіндеп кіре береді;
    Кенені бас жағына жақынырақ пинцетпен қысыңыз (немесе саусағыңызды таза дәкемен орап алып), оны теріге перпендикуляр күйде қатаң ұстап, мыжып алмауға тырысып, ақырындап бұраңыз. Кенелер басымен емес, «құйрығымен» (демтесік) дем алғандықтан, процедураның алдында оған өсімдік майын немесе вазелин жақса, ол өзі шыға бастайды.
    Шаққан орынды спиртпен, йодпен, әтірсумен дезинфекциялаңыз. Егерде кенені толығымен ала алмасаңыз және алдыңғы бөлігі жарада қалып қойса, ол орынға йод жағыңыз және дәрігерге көрініңіз.
    Процедурадан кейін қолыңызды мұқият сабынды сумен жуыңыз.
    Кененің қалдығын лабораторияға тексеруге өткізу қажет. Онда сізге кененің індетті екенін немесе еместігін және емдеу керектігін немесе керек еместігін айтады.
    Инфекцияның алдын алудың аса тиімді түрі – жылдың суық мезгілінен бастауды қажет ететін, үш кезеңдік егілу. Бұл 99 % қорғаныс береді.

    kn2 Суға шомылғанда өз-өзін ұстаудың ережелері

    Шомылу үшін арнайы бөлінген жерлерді және жағажайларды пайдаланыңыз.
    Шомылатын орындардағы қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз, тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз, моторлы кемелер мен қайықтарға жақын жүзбеңіз- бұл өте қауіпті!
    Балалар мекемелерінің жетекшілері мен ата-аналар! Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
    Мас күйде шомылуға тыйым салынады!

    kn2 ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС
    kn2 Шомылуға дейін:

    Суға түспес бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
    Шомылуды күн ашық, желсіз ауа райында ауа температурасы 20-25° С, су- 17-19°С болғанда бастаңыз.
    Суға тек арнайы бөлінген жерлерде шомылыңыз.
    Жүзу білмесеңіз, суға белден аса тереңдікке бармаңыз.
    Жалғыз шомылмауға тырысыңыз.
    Мас күйде шомылуға болмайды.

    kn2 Шомылу кезінде:
    1 .Суға абайлап түсіңіз. Терең емес жерде тоқтаңыз жэне тез басыңызбен шомылыңыз.
    Өзіңізді қалтыратуга дейін жеткізбеңіз, небәрі 10-15 минут шомылыңыз.
    Судан жиі шығуға және су күйінде желде тұруға болмайды.
    Сіңір тартылғанда- сасқалақтамаңыз, су бетінде қалқуға тырысыңыз жэне көмекке шақырыңыз.
    Иірімге түссеңіз, шошымаңыз, өкпеңізге ауаны көбірек толтырып, суға кіріңіз және ағыска қарай қатты серпіліс жасап, су бетіне шығыңыз.
    Қатты ағысқа тап болғанда, қарсы жүзбеңіз, жағаға жақындау үшін ағысты пайдаланыңыз.
    Суда өрескел шолжаңдауға жол бермеңіз. Қатер туралы жалған дабыл бермеңіз. Бір - біріңізді көзден таса етпеңіз.
    Суға қызып тұрған кезде түсу және тамақ ішкеннен кейін бірден шомылу ұсынылмайды.
    Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, бірден шомылуды тоқтатыңыз.
    Үлкен толқын кезінде шомылмаңыз жэне белгісіз жерлерде суға секірмеңіз.
    Тәулігіне екі рет шомылу ғана ұсыынылады.
    Жүзгенде көліктің камераларын, тақтайларды, доптарды, үрленген матрастарды пайдаланбаңыз.

    kn2 СУДА ҚАТЕРГЕ ҰШЫРАҒАНҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ

    Қолтығынан демеп сүйреу.
    Құтқарушы суға батқанның қолтығынан демеп, арқасымен жүзе сүйрейді.
    Шашынан сүйреу.
    Бір қолмен суға батқанның шашынан немесе жағасынан ұстап, зардап шегушінің басы су бетінде болатындай, қандай да бір әдіспен жүзу керек.
    Шынтақтан жоғары ұстап сүйреу
    Суға кетушінің арт жағынан екі қолынан ұстау, артқа тартып, оң (сол) қолды қолтығының астына тығып, арқасына карай өткізу, басқа қолының шынтағының жоғарғы жағынан ұстап, бүйірлеп жүзіп сүйреу.

    ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

    Зардап шегушіні дем тоқтағаннан кейін 6 минут кешікпегенде өмірге оралтуға болады.
    Зардап шеккеннің басын кисайтып, ауызды құм мен балдырдан тазарту керек. Тыныс жолдарын және асқазанды судан босату қажет. Мұның бәріне 15 секундтан артық кетпеуі керек.
    Зардап шегушінің тынысы мен тамыр соғысының бар-жоғын анықтау қажет. Тамыр соғысы білінбесе, «ауыздан-ауызға» тәсілімен жасанды дем беруге кірісу керек. Зардап шегушінің басы мейлінше артқа шалқаюы үшін жұмырлап оралған киімді мойнының астына қою қажет. Зардап шегушінің мұрнын қысып, кұтқарушы оның ашық аузынан терең дем береді жэне батыл түрде дем шығарады. Үрлеудің жиілігі - минутына - 18-20 рет.
    Жасанды дем берумен бірге бір мезгілде жүректің сыртынан уқалау керек.
    Суға кетушінің жүрек тұсы кеудесінің төменгі бөлігіне алақанды бірінің үстіне бірін қойып, басуды минутына 70 рет жиілікте жасау қажет. (5 басуға- бір ауа үрлеу)

     

    Парақтар өзгертілді: 18-11-2014