Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Спорт
  • Спорттық-көпшілік іс-шаралар

    2016 жылдың атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

    Тарбағатай ауданы бойынша аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын орнықтыру, дене шынықтыру мен спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда.

    Жыл басынан бері спорттың ауданда кең тараған қазақша-күрес, волейбол, футбол, баскетбол, допты хоккей, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, стол теннисі еркін күрес, ұлттық ат спорты түрлерінен  100-ден  астам спорттық - көпшілік шаралары ұйымдастырылып және бұл шараларға 20 000 – на настам   адамның қатысуын қамтамасыз етіліп келеді.

    Атап айтқанда қысқы футболдан аудан біріншілігі, допы хоккейден аудан біріншілігі,  Т.Қалмақбаевтың  жүлдесі үшін қазақ  күресінен өткізілген облыстық турнир, «Наурыз» мересіне арналған ұлттық ат спортынан аудандық жарыстар (барлық ауылдық округтерде) және аудан әкімінің жүлдесі үшін халықтық спорт ойындарының волейболдан біріншіліктері жыл сайын жоғары дәрежеде өткізіліп халықтық мереке дәрежесінде өткізілетін спорттық көпшілік іс-шаралар. Сонымен қатар шетел палуандары және  қазақ күресінен Қазақстан Барысы республикалық турнирының барлық жеңімпаздары және жүлдегерлерінің қатысуымен өткізілетін Ырғызбай Досханаұлын еске алуға  арналған қазақ күресінен халықаралық гран при өте жоғары дәрежеде өткізілді.

    Аудан спортшылары жыл басынан бері спорттың волейбол, шахмат, дойбы тоғызқұмалақ және ұлттық ат спорт түрлерінен (көкпар, аударыспақ, теңге алу) 70-ке жуық облыстық және Республикалық жарыстарға қатысып жоғары жетістіктерге жетіп келеді.

    Бүгінгі күні ауданда 39 спорт залдары, 2 спорттық ядро, 1 ипподром, 26 жабдықталған спорт ғимараттары, 2 спорттық модуль, 6 жасанды төсеніштермен жабылған кіші футбол алаңдары және 100- ден астам қарапайым алаңдарында дене шынықтыру мен спортпен тұрақты айналысушылар саны 11 460 адамды құрап аудан тұрғындарының 27% пайызын құрап отыр.

    Спорттық резервтер әзірлеу мақсатында жұмыс істеп тұрған 2-балалар жасөспірімдер спорт мектебінде 1170-оқушы, 33-мұғалім-жаттықтырушының жетекшілігімен спорттың еркін күрес, дзю-до, армрестлинг, қазақ күресі, волейбол, футбол, бокс, тоғызқұмлақ, стол тенннис, ұлттық ат спорты түрлерінен өз шеберліктерін шыңдауда. Аталған мектептерде жыл басынан бері 75 облыс біріншіліктері және чемпионаттардың жеңімпаздары, 150-астам жүлдегерлері тәрбиеленді.

    Ұлттық ат спорт түрлерін дамыту мақсатында құрылған «Тұлпар» ұлттық ат спорт мектебі КМҚК өз жұмыстарын жемісті атқаруда.

    Ауданымыздың негізгі құрамасы облыс әкімінің жүлдесі үшін ХV, ХVІ, ХVІІ, ХVІІІ, ХІХ,ХХ  халықтық спорт ойындарында алты жыл қатарынан жалпы командалық есеп бойынша топ жарып І-орындарға ие болды. 
    Бірыңғай спорттық жіктемелік талаптарды орындағандықтан Тарбағатай ауданының 15 спортшысы Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ие болса 24 спортшы спорт шеберлігіне үміткер талаптарын орындады.

    Сонымен қатар бірнеше аудан  спортшылары  еліміздің құрама командасының сапында Азия, Әлем біріншіліктеріне қатысып жоғары нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда Советханова Ақмарал  армрестлингтен Өзбекстан Республикасында  өткізілген Азия чемпионатында  жеңімпаз  атанса, Евгения Гунько және Мұратов Әлижан армрестлингтен Болгария  мемлекетінде өткізілген әлем біріншілігінің  жеңімпаздары  атанса, Советханова Ақмарал күміс  жүлдегерлер атанды. 

    Ауданда дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасын нығайтуда жыл сайын біршама жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда 2015 жылы Ойшілік ауылында демеушілер есебінен  жасанды төсеніштер төселінген кіші футбол алаңдары салынса,   Ақсуат ауылынан  «Спорттық модуль»  және Екпін ауылынан «Ат спорт мектебі» ашылып пайдалануға берілді.

     

    Мұрағат

    kn2.png 2015 жылдың атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
    kn2.png Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы
    kn2.png Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2013-жылдың І - жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы


    Парақтар өзгертілді: 31-01-2017