Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Аумақтық мемлекеттік мекемелер
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы

    kn2.png Басқарма туралы ереже

    kn2.pngИнспекция бастығы: Қажыкенов Бақытжан Төлеуханұлы,. 1963 жылы 1 қаңтарда Қарасу ауылы Тарбағатай ауданында дүниеге келдім. қазақ.

    Білімі – жоғары, мамандығы – ветеринариялық дәрігер. 2007 жылдан осы мемлекеттік мекемені басқарып келеді
    1969 жылы  В. П. Чекалов атындағы орта мектепке түсіп, 1979 жылы оқып бітірдім. 1979 жылдан 1981 жылға дейін Қарасу ауылында әр түрлі жұмыстар атқардым. 1981 жылдан бастап Семей қаласының Зооветветеринарлық институтына түсіп, оны 1986 жылы бітіріп мал дәрігері деген мамандықты алдым. 1986 жылдан бастап Қарасу кеншарында мамандығым бойынша вет санитар, вет техник мамандығы бойынша 1,5 жұмыс істедім. 1987 жылдары Қарасу кеншарына қарасты «Өтеген» фермасында «Шолақ орда» фермасында меңгеруші қызметін 1993 – ші жылға дейін атқардым. Осы жылдан бастап Қарасу кеншарында бас малдәрігер болып осы кеншар тарағанша істедім. 1998-1999 жылдары Аумақтық басқармаға қарасты мал инспекторы болдым. 1999 жылдың тамыз айынан бастап Қарасу ауылының әкімі болдым. 2007 жылдан бастап Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының бастығы қызметіндемін. Жанұямда әйелім, 2 балам бар.

    kn2.png Мекен-жайы: 071500, Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесi,24
    kn2.png e-mail:tarbagatai_F-RTU@minagri.kz
    kn2.png Телефондар: 8723-46-2-16-47, 8-723-46-2-20-01

     

    kn2.png Аумақтық органның міндеті мен мақсаты

    Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы өз құзіреті шегінде ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы арнайы атқару мен бақылау-қадағалау функцияларын, мал шаруашылығында, тұқым шаруашылығында жаңа селекциялық жетістіктердің  пайдаланылуын, ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптық сынағын, астықтың сапасын, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын және сандық-сапалық жай-күйін, өсімдік шаруашылығы міндетті сақтандыру, техникалық инспекция саласындағы бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, ауыл шаруашылығының сала аралық жұмысын үйлестіретін  Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органы болып табылады.

    kn2.png Лауазымдық міндеттері:

    1) Инспекция бөлімдері мен қызметтері басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері айқындайды;
    2) Заңнамаға сәйкес Инспекциясының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
    3) Заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
    4) Өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
    5) Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Инспекцияны танытады;
    6) Инспекцияда жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды өз құзыреті шеңберінде қабылдайды және жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралардың қабылдауына жеке жауапкершілік алады;
    7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


    kn2.pngМекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 071500 Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесi,24
    kn2.pngАзаматтарды қабылдау күні:  Бастық сейсенбі-бейсенбі сағ 10:00-дан, 13:00-ға дейін.
    kn2.pngЕ- maiL:tarbagatai_F-RTU@minagri.kz
    kn2.pngТелефондар, 8-723-46-2-20-01
    Сенім телефоны: : 8723-46-2-16-47
    Жұмыс уақыты:  9:30 ден, 18:30-ға дейін. Түстік үзіліс уақыты 13:00 ден, 14:30-ға дейін.

     

    Парақтар өзгертілді: 08-04-2015