Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Аумақтық мемлекеттік мекемелер
  • «Педагогикалық – медициналық – психологиялық консультациясы білім мекемесі » мемлекетік мекемесі

     

    kn2.pngҚұттыбаев Ержан КәрібайұлыТарбағатай, Зайсан, Жарма аудандарына арналған «Педагогикалық – медициналық – психологиялық консультациясы білім мемлекеттік » мекемесінің меңгерушісі.
    Құттыбаев Ержан Кәрібайұлы 1962 жылы туған.
    1969-1979 жылдары мектеп қабырғасында болып, 1979 жылы Ақсуат орта мектебін бітірді.
    1979-1984 жылдары Қарағанды мемлекеттік Университетітінің химия факультетіндеоқып, аяқтады.
    1984-1986 жылдары « Ленин жолы » орта мектебінде (Үш – төбе ауылындағы ) химия – биология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
    1986-1997 жылдары « Тана мырза » атындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет істеді, мектептің қалыптасуына өз үлесін қосты.
    1997-1999 жылдары аудандық білім беру бөлімінде әдістемелік кабинеттің меңгерушісі болып, жұмыс істеді. Аудан мектептерінің ғылыми жұмыстармен айналысуына бағыт берді.
    1999-2004 жылдары № 2 Ақсуат орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
    2004 жылдан бастап Тарбағатай, Зайсан, Жарма аудандарына арналған «Педагогикалық – медициналық – психологиялық консультациясы білім мемлекеттік » мекемесінің меңгерушісі.
    Жаңадан құрылған мекеменің қалыптасуына: материалдық базасының нығаюна / мысалы, жеке ғимараттың және транспорттың, мебельдердің, компьютер мен әр түрлі техникалық құралдардың болуы /, кадрларды қалыптастыруға, үш ауданның арасында жұмыс істеу жүйесін құруға өз үлесін қосты.

    kn2.pngҚоғамдық жұмыстары

    1. 1984-1987 жылдары бастауыш комсомол ұйымының хатшысы.
    2. 1987-1990 жылдары партия оқуының насихатшысы.
    3. 1997-2003 жылдары учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.
    4.  2005 жылы ҚР Президентігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Тарбағатай аудандық штабының төрағасы.
    5. 2006 жылдан бастап аудандық « Тарбағатай » газетінің қоғамдық тілшісі.
    6. 2006 жылдан бастап «Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
    7. 2007 жылдан бастап Ш.Қ.О. облыстық Азаматтық Альянстың мүшесі.
    8. 2008 жылдан бастап Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы.
    9. 2009 жылдан бастап ақпараттық – насихат жобасының мүшесі. 

    kn2.pngНаградалары

    1. 1986-1990 жылдары аудандық оқу бөлімінің грамоталары.
    2. 1990-1992 жылдары облыстық оқу бөлімінің грамоталары.
    3. 1992 жылы ҚР Білім Министрлігінің Құрмет грамотасы. 
    4. 1996 жылы ҚР Білім Министрлігінің « Оқу ісінің үздігі » белгісімен марапатталды.
    5. 1995,1996,1997,1998 жылдары ҚР Кіші Ғылым Академиясының дипломдары.
    6. 1996 жылдан бері жоғары санатты / 14 разрядты / мұғалім.
    7. 2001 жылы Тәуелсіздіктің 70 жылдығына байланысты облыс әкімініњ Құрмет грамотасы.
    8. 2005 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың « Алғыс Хатымен » марапатталды.
    9. 2007 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жаңа саясатты халықаралық институты және  Медиа Академияның « Алғыс Хатын » алды.
    10. 2008 жылы Ш.Қ.О. облыс әкімі орынбасарының «Алғыс Хатымен» марапатталды.
    11. 2009 жылы «НұрОтан» халықтық Демократиялық партиясының Құрмет грамотасы.

    Е.Құттыбаевтың 1984-2007 жылдар арасында білім беру саласын реформалауға және ауыл мектебінің проблемасы мәселелері жөнінде; экологиялық жұмыстар туралы; ауыл халқының әлеуметтік мәселелерін көтерген; мүгедек балалармен жүргізген жұмыстары туралы; еліміздегі жүргізіліп жатқан экономикалық, саяси реформаларға байланысты мақалалары аудандық, облыстық және республикалық баспасөздерде жарық көрді.
    Үлгілі отбасы, жанұясында үш баласы бар.   


    kn2.pngМекен жайы : Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 071500 Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Кабеков көшесі №17,
    kn2.pngЖұмыс уақыты :8:00 ден, 17:30-ға дейін. Түскі үзіліс уақыты 13:00-ден, 14:30-ға дейін.
    kn2.pngБайланыс телефоны:8-(72346) 2-10-25
    Факс: 8-(72346) 2-10-25
    kn2.pngСенім телефоны: 8-(72346) 2-10-25
    kn2.pngЕ-maiL: tarb_pmpk@mail.ru
    kn2.pngАзаматтарды қабылдау күні:Бастық сейсенбі-бейсенбі сағ 10:00-тан, 13:00

     

     

    kn2.pngМекеменің құрылуы

    2002 жылғы 11 – шілдеде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Осы Заңның 8 – бабы, 3 – пунктінде:

    «Облыстар әкімдерініңшешімімен кезең – кезеңімен, 3 жыл ішінде алпыс мың балаға арналған «ПМПК» құрылады» - деп көрсетілген.

    Соның негізінде 25 – ақпан 2004 жылы ауданаралық / Тарбағатай, Зайсан, Жарма аудандарына арналған / білім мемлекеттік мекемесін құру ШҚО әкімдігінің № 368 қаулысы шықты.

    2004 жылы 24 – наурызда мекемені Ақсуат ауылында құру туралы Тарбағатай ауданы әкімдігінің № 546 қаулысы қабылданды.
    Сондай-ақ 1-сәуір 2004 жылы Тарбағатай ауданы әкімінің № 1058 өкімімен мекеме меңгерушісі тағайындалды.

    14-сәуір 2004 жылы мекеменің Жарғысы облыстық әділет басқармасында бекітіліп, мемлекеттік мекеме ретінде тіркеліп, заңды тұлға ретінде / № 16670 – 1917 - ГУ/ куәлік алды.

    «ПМПК»-ның негізгі міндеттері

    1) туғаннан 18- ге дейінгі балалар мен жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін анықтау, диагнозын белгілеу және оларды емдеу, оқыту мен тәрбиелеудің ылайықты жағдайларын анықтау мақсатында психологиялық – медициналық – педагогикалық тексеру:
    2)баланың арнайы қажеттіліктерін анықтау және оның медициналық, арнайы білім, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге берілген құқығын белгілеу:
    3)баланың жай – күйінің өзгеруіне байланысты оған бұрын қойылған диагнозды және арнайы қызмет көрсетуге берілген құқығын қажет болған жағдайда растау, нақтылау және өзгерту:
    4)қажеттілігіне қарай балалар мен жасөспірімдерді мұқият тексеру, емдеу және динамикалық бақылау жасап отыру үшін оларды ғылыми – зерттеу, диагностикалық орталықтар мен профилактикалық – емдеу мекемелеріен жіберу:
    5) балаларға пстхологиялық – медициналық педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсынымдар әзірлеу, кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және оларды арнайы білім беру ұйымдарында емдеуді, тәрбиелеуді оқытуды ұйымдастыру:
    6)дамуында әртүрлі ауытқушылықтары бар: мектепке үлгермейтін, тәртібі, эмоциялық – ерік аясы бұзылған, басқалармен қарым – қатынасы қиындық көретін, оның ішінде арнайы түзеу ұйымдарына жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша олардың аиа- аналарына (не оларды алмастырушыларға), педагогтарғ, дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету:
    7) дамуында әр түрлі ауытқушылықтары бар және мамандандырылған жәрдемді қажет ететін балаларды, оның ішіндегі ерте сәби жастағы балаларды дер кезінде анықтау мәселелері бойынша білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау органдарымен, қоғамдық ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу:
    8) кемтар балаларды білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен бірлесіп, олардың медициналық, арнайы білім мен әлеуметтік қызмет көрсету қажеттіліктерін есепке алу және есеп жүргізу.Білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарына кемтар балаларға арналған арнайы түзеу мекемелер желісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу:
    9) кемтар балалардың физиологиялық психологиясы жан – күйінің ерекшеліктері туралы халық арасында білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстары:
    10) тәрбиелеу және оқыту процесінде балалар мен жасөспірімдердің даму динамикасын зерделеуде арнайы түзеу ұйымдарының педагогтарына әдістемелік басшылық жасау және көмек көрсету:
    11) кемтар балаларға арналған арнайы түзеу ұйымдарының желісін дамыту динамикасын зерделеуде арнайы түзеу ұйымдарының желісін дамыту жөнінде білім беру басқармаларының ұсыныстар енгізу болып табылады.
    12) денсаулығы кемтар балалардға психологиялық – медициналық – педагогикалық көмек көрсеру мақсатында Зайсан және Жарма аудандарында көшпелі комиссия отырысын өткізу:

    Материалдық базасы

    Мекеме балансында 101 шаршы метр көлемдегі жеке ғимарат және дербес автокөлігі бар. Мекеме қажетті мебельдермен және компьютермен жабдықталған. Балаларды диагностикалық тесеруден өткізуге арналған әдістемелік, стимульдық, тесттік, диагностикалық материалдар мен ойыншықтар бар.
    Кәсіби әдебиеттер сатып алынған. Әр балаға арналып «даму картасы» ашылған, жеке бас жұмыстар басталған. Мекеменің төбесі 2008 жылы күрделі жөндеуден өтсе, 2009 жылы ішкі жағы күрделі жөндеуден өтті. 2009 жылы мекемеге жаңа компьютер /комплет/ сатып алынды.
    «ПМПК» мемлекеттік мекемесі 26.10.2009 – 04.11.09 ж аралығында ШҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы тарапынан кешенді тексеруден өтті.

     

    Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже

     

    Парақтар өзгертілді: 29-06-2016