Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Государственные учреждения
  • Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасы

    Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасы

    Тоқтаров Талғат Мамырбекұлы Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасының бастығы.
    Тоқтаров Талғат Мамырбекұлы 1964 жылы 12 наурызында Семей облысы, Ақсуат ауданы, Кокжыра ауылында дүниеге келген.
    Білімі жоғары. 1982-1988 жылдары Семей құрылыс техникумы,1997 жылы Алматы банк колледжі, 1997-2000 жылдары Семей бизнес және кәсіпкерлік институты «Техник- құрылысшы, Банк ісі, Қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген.
    1982 жылы Көкжыра ауылындағы «Жас қайрат» комсомол-жастар бригадасының мүшесі, 1982 жылдан 1985 жылға дейінгі аралықта Кеңес Одағының Армиясы қатарында, 1985 жылдан 1988 жылдары Семей құрылыс техникум студенті, 1988-1990 жылдары Ақсуат ПМК құрылыс шебері, 1990 жылдан 1991 жылға дейінгі аралықта Казагроөнеркәсіп банкі бөлімінің инженері, 1991-1994 жылдары «Жаңару» шағын кәсіпорын прорабы, 1994 жылы Ақсуат ауылындағы Ұлттық банктің есеп айырысу-кассалық орталығының бастығының орынбасары, 1994 жылдан 1996 жылдары аралығында Ұлттық банктің есеп айырысу-кассалық орталығында жетекші экономисті, 1996 жылы Ұлттық банктің есеп айырысу-кассалық орталығының бастығының міндетін атқарушы, 1996 жылдан – 1997 жылдары Ақсуат аудандық бюджеттік банктің бастығы, 1998 жылдың қаңтар айынан бастап Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасының бастығы болып қызмет атқарып келеді. Жанұялы.

    kn2.png Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасы қызметінің бағыты:

    Шоттары мен қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша операцияларды жүргізумен республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылу қызметі, олардың кассалық қызмет көрсету саласында, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша операцияларға есеп жүргізумен, олардың кассалық қызмет көрсетумен, сонымен қатар бюджеттік бағдарламаны іске асырумен, бюджетке кіріс түсуді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың орындалуы бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

    kn2.png Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасының бастығының жеке азаматтарды қабылдау күндері: әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі күндері сағат 14-00 ден 17-00 ге дейін
    Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасының мекен жайы: Қазақстан Респуликасы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Кабеков көшесі 19
    Байланыс телефондары: Бастық (8-72346) 2-11-02 (факс)

    Парақтар өзгертілді: 28-11-2018