Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Государственные учреждения
  • «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы

    «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы

    Данияр Манарбекұлы Катпин 28.02.1988 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2005 жылы №2 Ақсуат орта мектебін бітірген, 2007 жылы Семей қалалық Бизнес колледжін бітірген, 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы есеп және аудит, экономика және бизнес бакалавры. 2007-2008 жылдары «Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінде есепші оператор. 2010 – 2015  жыл аралығында «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы Тарбағатай аудандық телекоммуникация торабында іс жүргізу әкімгері. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы Өңірлік сату орталығы Тарбағатай ауданы сату учаскесінің бастығы болып қызмет атқаруда.

    «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы көрсететін қызметтер:
    "Қазақтелеком" АҚ түрлі санаттағы пайдаланушылардың жоғары талаптарын қанағаттандыратын байланыс қызметтерінің көптеген түрлерін ұсынады. Республиканың қай түпкірінде болсаңыз да, әрі кез келген уақытта, біздің компанияның телекоммуникациялық қызметінің сан қилы түрлерін алуға болады.

    Тұтынушыларға мынадай қызметтер ұсынылады:
    • дауыстық телефонияның барлық негізгі қызметтері (жергілікті, қалааралық, халықаралық);
    • КЖҚ ADSL технологиясы бойынша Megaline, LTE және CDMA технологиясы бойынша интернет желісіне қосу кызметтері;
    • Интернет желісі арқылы ID TV цифрлық телеврнвлвр топтамаларын;
    • ALTEL ұялы байланысының FMS ұялы байланыс, 4G интернет қызметін пйдалану;
    • телеграф және телекс;
    • мәліметтер жөнелту торабының қызметі, Internet-ке қосылу қызметі;
    • арналарды жалдау;
    • Бизнес клиенттерге арналған телекоммуникация қызмет;
    • Парасаттық желі;
    • Tarlan Card – алдын ала төленген телефон картасы;
    • ДВО қызметі (қызмет көрсетудің қосымша түрі)

    "Қазақтелеком" АҚ Қазақстанның бүкіл аумағында телекоммуникация қызметтерін көрсете алатын жеткілікті түрде дамыған орталықтар желісі бар иекомпания, ол әлемнің кез келген түпкіріне телефон соғуыңызға, телеграмма жіберуіңізге, Интернет желісі қызметін пайдалануыңызға, анықтамалық ақпарат алуыңызға, телефон аппаратын сатып алуыңызға мүмкіндік береді.

    Телекоммуникация торабынын мекен жайы: Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы Қабанбай көшесі 45,
    Тел: (8723-46) 2-13-05,
    Электрондық адрес Daniyar_Katpin@domino.east.telehom.kz
    Қабылдау күндері: күнделікті сағат 9-30 дан—17-00 дейін

     

    Парақтар өзгертілді: 30-11-2018