Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Аумақтық мемлекеттік мекемелер
  • «Аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Бөлімнің ережесі (*.pdf 7.8 MB)

    Дауытбаева Самал Нагызхановна

    - 1979 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Құйған ауылында дүниеге келген. Құйған ауылының орта мектебінде оқып оны 1996 жылы бітіріді. Осы жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Математика» мамандығына түсіп 2000 жылы «Математика, информатика және есептеуіш техника мұғалімі» біліктілігімен бітіріп шықты.
    2000-2006 жылдары аралығында С. Кобеев атындағы, Қазақстанның 40 жылдығы атындағы  орта мектептерде информатика пәні мұғалімі болып жұмыс істеді. Жұмыс істей жүріп 2001 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2003 жылы «Математика магистрі дәрежесімен бітірді.
    2006 жылы ШҚМУ-дің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар зертханасының лаборанты жұмысына ауысты. Осы университетте 2011 жылдың тамыз айына дейін «Білім беру инновациялары зертханасында әдіскер (2006-2008 ж.), «Электронды ресурстарды жасау» секторының меңгерушісі (2008-2010 ж.), қашықтықтан оқыту факультетінің «Дидактикалық құралдарды жасау және ақпараттық-техникалық қамту» қызметінің меңгерушісі (2010-2011 ж.) қызметтерін атқарды.2011-2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ІТ-қызметінің ақпараттық оқыту жүйелерінің администраторы болып жұмыс істеді.
    2012 жылдың мамырынан бастап Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің басшысы.

    kn2.png Мекен жайы: Ақсуат ауылы, Кәбеков 17.
    kn2.png Телефоны: 2-10-17, Қабылдау бөлмесі:  2-16-18, 2-20-16 (факс).
    kn2.png E-mail:tarbagatai-bilim@akimvko.gov.kz
    kn2.png Қабылдау уақыты: жұма сағат 09-00-дан 16-00- ге дейін
    kn2.png «ШҚО Тарбағатай аудандық білім беру бөлімі» ММ қарасты қамқоршылық және қорғаншылық органының сенім телефоны: 8(723-46)2-22-64

     

    Парақтар өзгертілді: 16-10-2018