Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Аумақтық мемлекеттік мекемелер
  • «Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ

    Жакиянова Асель Муратовна Жакиянова Асель Муратовна Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында 1978 жылдың 14 мамырында дүниеге келген.Ұлты: қазақ. Білімі: Жоғары.Ғылыми дәрежесі: Бакалавр. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін физика пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген, 2005 жылы Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институтын физика және информатика пәндері бойынша бітірген, 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолы: 2005-2006 жылдар аралығында  Қазақстанның 30 жылдығы атындағы орта мектебінде физика пәні мұғалімі, 2007-2008 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің хатшысы, 2007 жылы К.Нұрбаев атындағы орта мектебінде келісім-шарт негізінде информатика пәні мұғалімі болып қызмет жасаған. 2008 жылдан 2010 жылға дейін Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің нұсқаушысы, 2010-2011 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашалығы және ветеринария бөлімінің  нұсқаушысы, 2011-2012 жылдары Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік бөлімінде нұсқаушы қызметін атқарған, 2012 жылдан 2016 жылға дейін  Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің бас маманы. 2017 жылы Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің кәсіпкерлік секторының меңгерушісі, 2017-2018 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары. 2018 жылдың тамыз айынан бастап Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 071500, Шығыс-Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы Абылайхан көшесі, №13 үй, тел. 8(72346)2-18-85, факс 8(72346)2-24-15.
    Электронды мекен-жайы:tarbagatai-kasip@akimvko.gov.kz
    Жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау: Әр аптаның сәрсенбі  күні сағат 14:30 - 17:00 дейін және жұма күні сағат 14:30-17:00 дейін.
    Сенім телефонының нөмірі: 8(72346)2-10-43

    Eреже (*.doc 4.8 MB)

    Парақтар өзгертілді: 06-09-2018