Садвакасов Серикказы ХусаиновичБіздің сайтқа қош келдіңіздер!

Бұл жерден өздеріңізді қызықтырған
мәліметтермен аудан туралы ақпараттар аласыздар.
Жалғасы...

Әкімінің блогы

  • Аумақтық мемлекеттік мекемелер
  • «Тарбағатай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Бөлімнің ережесі (*.pdf 1,7 MB)

    Сабырбаев Серик СоветовичСабырбаев Серик Советович ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында 1971 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Ұлты:Қазақ. Білімі:Жоғарғы. 1997 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2009 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолы:  
    1998 жылдан  2005 жылға дейін  Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің бас маманы, 2005 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.
    2005-2006 жылдар аралығында Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы, бөлім бастығының міндетін уақытша қоса атқарушы.
    2006-2007 жылдары Тарбағатай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, 2007-2009 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық ауылшаруашылық бөлімінің инженер-механик-бас маманы, 2009 жылдан 2013  жылға дейін Тарбағатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары  бөлімінің басшысы, 2013-2017 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары  бөлімінің басшысы, 2017 жылы Тарбағатай аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылыс, сәулет секторының меңгерушісі, 2017 жылдан 2018 жылға дейін Тарбағатай аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2018 жылдың 1 тамызынан  бастап Тарбағатай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 071500 Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Амангелді көшесі №1.
    Жұмыс уақыты: 9:00 ден, 18:30-ға дейін. Түстік үзіліс уақыты 13:00 ден, 14:30-ға дейін.
    Тел/факc:(872346) 2-16-07
    Сенім телефоны- 8(72346) 2-16-07
    Электронды мекен-жайы:  tarbagatai-arh@akimvko.gov.kz

    Парақтар өзгертілді: 06-09-2018